Жібек жолы бойындағы шамшырақ!


Шолпан жұлдыз сияқтанып таңдағы,
Самаладай жарқыраған шамдары,
Көктемеде көз жауын ап гүл шаһар,
Гүлзар баққа айналады жан-жағы.

Жарып шыққан бәйшешектей қар астын,
Сыры терең тарихыма жол аштым.
Арда ұлдарың ақинағын қайраған,
Асау, ақжал толқынына Таластың.

Әз басынан Қыдыр қашып, бақ көшіп,
Уыз жасқа фәни-дүния жапты есік.
Айша арудың пәк сезімін құндақтап,
Құшағында тербеп жатқан ақ бесік.

Аяулы сәт-елжірейтін ет-жүрек,
Жас жұбайлар сонда берер сертті кеп.
Жалғастырып екі дүние арасын,
Тектұрмас тұр төбесімен көк тіреп.

Деген елміз іргемді жау бұзбасын,
Қарт тарихтан бізге жеткен сыр басым.
Пері нәттес перизаттар мөлдіреп,
Шыңғысханның таңғалдырған жүзбасын.

Хауызынан әуен ағар тамшылап.
Сансыратса саған барам сан сұрақ,
Жан-жағына сәуле шашып тұратын,
Жібек жолы бойындағы шамшырақ.

Бастан кешкен сан сұрапыл сынақты,
Әсем шәрі атсын таңың шуақты.
Зау биікте тұра берші, Таразым-
Азияның алтын тәжі сияқты!

 Анель Торекулова


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу