file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Өлара


Қазір адамдарға бір нәрсе жетіспейді һәм бір нәрсе артық,
Артышылық жерде,
кемшіліктер ауада қалқып,
Жүр.
Артықшылығы көп жандар түзде, жетіспейтіндер күзде шалқып,
Жүр...

Жасына бір жас жетпегендер - марқұм,
Жасына бір жас жеткендер қуантып халқын,
Жүр.
Жетіспегендер тапқанын жеткізе алмай халқына,
Жетіскендер дәріптеп салтын,
Жүр...

Көктемдегі тал - күрең күз келгенде тыр жалаңаш,
Ал, қараша келгенде шық жаламас тәнімен
арсынбай тұр.
Шық жаламас ағаштың түбінде кір жоламас "адам бейнесінде" бір адам тұр...
Ол - мен!

3, 2, 1.
1, 2, 3.
3, 2, 1,
Осы сандар сияқты тағдыр шыр айналып жүр.
Осы тағдыр сияқты ақын құр айналып жүр,
Осы ақын сияқты жерді күн айналып жүр...
Ақын болам деген сияқты ағаны іні айналып жүр,
Рымғали: "Өнерге келу үшін "дәу" көт керек"- деді ғой,
Ал, біз ғасырды айналып келейік
Жүр...
Автор - Сүндет Сейітов

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу