Естеу Нүсіпбеков (Арқаның суық бораны)
Арқаның суық бораны
Арқадан өтіп барады.
Алда тұр қарға малтығып,
Азынап құрбан алаңы.
Жібімей қатқан мұздары,
Қайтпапты қыстың ызғары.
Қариды іште өзекті,
Қосылып тарих ызбары.
Тіріліп түгел құрбандар,
Орнынан өре тұрғандай.
Әруақтың бәрі қолдасып,
Біздерге бетін бұрғандай…
…Шәкәрім әлде Міржақып,
Білдіріп ашық ризалық,
Құйып тұр Алаш көгіне,
«Нұрнама» оқып Нұр Жарық…
Арқадан өтіп барады.
Алда тұр қарға малтығып,
Азынап құрбан алаңы.
Жібімей қатқан мұздары,
Қайтпапты қыстың ызғары.
Қариды іште өзекті,
Қосылып тарих ызбары.
Тіріліп түгел құрбандар,
Орнынан өре тұрғандай.
Әруақтың бәрі қолдасып,
Біздерге бетін бұрғандай…
…Шәкәрім әлде Міржақып,
Білдіріп ашық ризалық,
Құйып тұр Алаш көгіне,
«Нұрнама» оқып Нұр Жарық…
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: естеу нүсіпбеков Арқаның суық бораны өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков