Естеу Нүсіпбеков (Көрген түстей көк жайлау)
Қанып жүр ғой тән шөлі,
Жан шөлі қашан қанады?
Жан аңсаған нәрсені
Тапсаң — жанар жанады.
Шақырады Көк Жайлау,
Қалада жаз шыққалы.
Жоқ-ақ еді қол байлау,
Емеурінді ұл ұқпады.
Малды ауылдан қол бұлғап,
Шақырады Жайлауға:
Сергек таңның атқаны,
Сырбазсып күннің батқаны,
Аспаны ашық шақтағы.
Шақырады Жайлауға
Жылқышы бала ысқырып,
Көк соныда пысқырып,
Құнанның елең қаққаны.
Желібауда ноқталы
Құлынның ұйықтап жатқаны.
Шақырады Жайлауға
Ақ білекті керімнің,
Ибалы балғын келіннің
Маржандай әппақ тістері,
Сабаны күмп-күмп піскені.
Шақырады меймілдеп,
Сары ала гүлді саптаяқ,
Тұтам түпті тостаған,
Қошқыл исі аңқыған
Шүпілдеген сары Қымыз,
Бар ауруға дәрі Қымыз.
Шақырады Жайлауға
Күркіреп өзен аққаны.
Құла бөрте жал-жал боп,
Бұйраланып шапқаны.
Құсқа быққан сай-сала
Тоғайға толы шатқалы.
Шатқалда тастан секіріп,
Тасқа ұрып, тасқын өкіріп,
Ақ моншақ шашып жатқаны.
Шақырады Жайлауға
Асыр салған жастардың,
Әрнеге көңлі мастардың
Ай астында Сақпаны.
Лақтырысып Ақсүйек,
Жапырлап іздеп тапқаны.
Бала азайып шуылдақ,
Басталғанда Тығылмақ,
Жылдымдарды қуантып,
Жайбасарды жуантып,
Жаз түні өтіп байқатпай,
Бозарып таңның атқаны.
Жан рахат тапқаны.
Шақырады қол бұлғап,
Қарағайлы, қайыңды,
Шетенді және мойылды
Жон-жоталар қатпары.
Татып кет деп несібе,
Аунап кет деп төсіме,
Жұпар иісін аңқытып,
Көк майсасын маңқытып,
Қыз омырау қапталы.
Қанып жүр ғой тән шөлі,
Жан шөлін де қандыршы.
Жайлау әже алдында,
Жанды есінен тандыршы.
Көрген түстей Көк Жайлау
Көзден пыр-пыр ұшқаны-ай.
Көк жайлауға бармасаң,
Жанды желпіп алмасаң,
Қанар ма көңіл құштары-ай!
Самалы шайқап теңселген,
Қара шалғын ұштары-ай.
Қарлығаштың аймалап,
Айналып алдан ұшқаны-ай,
Жайлаудың аңқау құстары-ай.
Желпініп, жырғап, серпіліп,
Әр іске де беркініп,
Ішің, тысың тазарған
Шыбартал мен Көккемер,
Мыңжылқы мен Үшқара-ай.
Жайлау желі желпіген,
Жаныңның жасаң тұстары-ай,
Көзіңнен пыр-пыр ұшқаны-ай!
Жан шөлі қашан қанады?
Жан аңсаған нәрсені
Тапсаң — жанар жанады.
Шақырады Көк Жайлау,
Қалада жаз шыққалы.
Жоқ-ақ еді қол байлау,
Емеурінді ұл ұқпады.
Малды ауылдан қол бұлғап,
Шақырады Жайлауға:
Сергек таңның атқаны,
Сырбазсып күннің батқаны,
Аспаны ашық шақтағы.
Шақырады Жайлауға
Жылқышы бала ысқырып,
Көк соныда пысқырып,
Құнанның елең қаққаны.
Желібауда ноқталы
Құлынның ұйықтап жатқаны.
Шақырады Жайлауға
Ақ білекті керімнің,
Ибалы балғын келіннің
Маржандай әппақ тістері,
Сабаны күмп-күмп піскені.
Шақырады меймілдеп,
Сары ала гүлді саптаяқ,
Тұтам түпті тостаған,
Қошқыл исі аңқыған
Шүпілдеген сары Қымыз,
Бар ауруға дәрі Қымыз.
Шақырады Жайлауға
Күркіреп өзен аққаны.
Құла бөрте жал-жал боп,
Бұйраланып шапқаны.
Құсқа быққан сай-сала
Тоғайға толы шатқалы.
Шатқалда тастан секіріп,
Тасқа ұрып, тасқын өкіріп,
Ақ моншақ шашып жатқаны.
Шақырады Жайлауға
Асыр салған жастардың,
Әрнеге көңлі мастардың
Ай астында Сақпаны.
Лақтырысып Ақсүйек,
Жапырлап іздеп тапқаны.
Бала азайып шуылдақ,
Басталғанда Тығылмақ,
Жылдымдарды қуантып,
Жайбасарды жуантып,
Жаз түні өтіп байқатпай,
Бозарып таңның атқаны.
Жан рахат тапқаны.
Шақырады қол бұлғап,
Қарағайлы, қайыңды,
Шетенді және мойылды
Жон-жоталар қатпары.
Татып кет деп несібе,
Аунап кет деп төсіме,
Жұпар иісін аңқытып,
Көк майсасын маңқытып,
Қыз омырау қапталы.
Қанып жүр ғой тән шөлі,
Жан шөлін де қандыршы.
Жайлау әже алдында,
Жанды есінен тандыршы.
Көрген түстей Көк Жайлау
Көзден пыр-пыр ұшқаны-ай.
Көк жайлауға бармасаң,
Жанды желпіп алмасаң,
Қанар ма көңіл құштары-ай!
Самалы шайқап теңселген,
Қара шалғын ұштары-ай.
Қарлығаштың аймалап,
Айналып алдан ұшқаны-ай,
Жайлаудың аңқау құстары-ай.
Желпініп, жырғап, серпіліп,
Әр іске де беркініп,
Ішің, тысың тазарған
Шыбартал мен Көккемер,
Мыңжылқы мен Үшқара-ай.
Жайлау желі желпіген,
Жаныңның жасаң тұстары-ай,
Көзіңнен пыр-пыр ұшқаны-ай!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жайлау туралы өлеңдер, жайлау туралы өлең, естеу нүсіпбеков Көрген түстей көк жайлау өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков, қымыз туралы өлең өлеңдер олен, қымыз туралы өлеңдер, стихи про кумыс на казахском языке