Cәбит Мұқанов (Біздің күш)

 Cәбит Мұқанов (Біздің күш)

Ұлы Отан соғысы басталғанда
Тыңдадым партияның үндеу сөзін,
Шымырлап бойды билеп толқын сезім.
Қайрат, намыс, кек, ыза араласып
Отырдым зорға ұстап бойымды өзім.
Ғажап сөз! Күндей жарық, зілдей ауыр!
Айтқан сөз әрі кесем, әрі бауыр.
Достарға бақша-бауы гүлденген сөз,
Қастарға қар боратқан ызғар, дауыл.
Достарға бұл жалын сез жігер, ұран,
Достан кім қаны қызбай тұрар бұған.
Кімде-кім шын советтің ұлы болса,
Намысы тұтанғанын айтпай ұғам.
Тұтанып жалынданып, қызды намыс,
«Не елім, не өлтіру - бұл арпалыс!»
Деді ол Шын қимылдап азаматтар,
Бойда бар күшті жинап жаумен алыс!
Соңына ерген топты адал баста!
Тар жерде оны тастап, өзің қашпа!
Үлгі алған маршалдардан батырсың сен,
Тау құлап келе жатса, ықпа, саспа!
Дұшпаннан күшпен қатар, асыр амал!
Жау жусап жолда жатса, деме обал.
Көсемің жеңуіңді езі айтты,
«Большевик алмайтұғын жоқ,- деп қамал»
Майданға аттанғанда еркек жастар,
Қалмаңдар үйде отырып, қарындастар!
Ержүрек жігіттермен қатар сен де,
Танк пен самолетте руль басқар!
Ұл, қызы алпыс ұлттын, ұстасып қол,
Жауына аттанғанда бір күшпен зор.
Қазақтың батыр ұлы, батыр қызы,
Майданда ен, алдыңғы қатарда бол!
Отаның берді саған мол ғып қару,
К,арулы батырларға бар ма талу?
Халықтың сенген сенен күтетіні -
Жолыңда жау жеңіліп талқандалу.
Көрмеген қанша жортса, талып белі,
Советтің саған даяр танкілері.
Фашизм-аждаһаны кем тепкілеп,
Тұлпардың тұяғымен қазып көрін!
Сұңқармен талмас қанат ұш биікке!
Десін жау «бу не деген құс биікте!»
Фашистің жалпылдаған жапалағын
Атып жық! Желкесінен жық түйіп те!
Түтесін жау жеріне оқтар борап,
Бұршақтай зеңбіректен топ домалап,
Тиетін болсын әрбір атқан оғың,
Фашистің жүрегі мен көзіне нақ!
Жасынан жауынгер ер тәрбиелі,
Дұшпанның алмас қылыш жанқияры,
Танысын жердің жүзі бұл соғыста,
Лениндік - жеңілмейтін Армияны!
Жазушы қайда? Ақын, жыршы қайда?
Бұндайда тебіренбей тіл шыдай ма?
Сияқты алмас қылыш қылшылдап сөз,
Жаулардың желкелерін қыршымай ма?
Сөз тасып, толқымай ма теңіздей бой?
Ұшпай ма самолетпен жарыса ой?
Әр дыбысы жауға бір оқ боп тиіп,
Әрбір сөзі болмай ма бір-бір герой?
Соғыстан көріп пе еді жыр жасқанып?
Ол талай шықпап па еді қол басқарып?
Жорыққа талай батыр аттанбап па ед,
Сенімді дос деп жырды жолдасқа алып?
Жыр сонда жолдастықтан жалықты ма?
Батырдың ерлік ісін таныттыра,
Жер шарын көлбей талай ұшпады ма?
Ұшудан қанаттары талықты ма?
Тарихтың сонау күңгірт тереңінен,
Талмай ұшып, жар шашып өлеңменен,
Танытқан жыр емес пе, бар халықты
Қамалды бұзған талай ел ерімен?
Бұрын жыр түнде ұшып көзі талып.
Октябрь таңы ата көріп жарық,
Зымырап ұшпады ма болашаққа
Лениннен таусылмайтын қуат алып.
Сол жырға бүгін ие біз емес пе?
Біреу емес, он емес, жүз емес пе?..
Қаламды өткір қайрап майданға шық!
Жауды жой, әскерлермен тізелес те!
Мынадай ұлы майдан қызған шақта,
Ақындар, жыр иесі - атыңды ақта!
Боратып жауға қарсы жырдың оғын,
Дұшпанды жырмен отап, бет қаратпа!
Колхозда, өндірісте қалған, халқым!
Жау үрлеп намыс отың жанған, халқым,
Көсемнің үндеу сөзін сен де ойлан!
Ісіңді атқар келген қолдан, халқым!
Демеңдер мынау бала, мынау кәрі,
Бойында шөп сындырар болса әлі,
Жұмыссыз отырмасын! Жау күйініп,
Достарың риза боп, десін «пэлі!»
Тастама жерге тот қып жалғыз шеге,
Ағашты жина құрық қазық деме!
Сол шеге, құрықтарды құрастырса,
Жасалмақ самолеттер танк, кеме.
Кеннен түйір, мақтадан түбіт шашпа,
Жүн, жібек,.. тоқылатын не бар басқа,
Бәрін де фабрикаға төкпей жеткіз,
Әскерге олар қажет жанталаста.
Мол ғып ек таусағыздар, көксағыздар,
Олардың сағыздарын ағызып ал!
Сағыздың бұл майданға болат пенен
Қорғасын, жез, мұнайдай маңызы бар.
Егінді таза сақта арамшөптен!
Ол шөптің залалы бір диверсантпен.
Зыянкес мақұлықтар - шпионды -
Сұмырайды тұншықтырсын уын сепкен.
Мұлікке боп жүрмесін өрттен қастық.
Күзет қой, арам ойлы жоламастық!
Әр түйір бидай, күріш, тары - бір оқ,
Фашисті талқандайтын бомба астық.
Бағыңдар, семіретін өріске мал,
Тік тұрсын түйеде қом, аттарда жал,
Қойлардың сүбесіне қол батпасын,
Сиырдың сүмесінен сауласын бал!
Соғысқа қажет жүйрік, күйлі көлік,
Әскерге семіз ат пен сүт, май беріп,
Жұмсасақ жауға қарсы, аш фашисті
Тың күшпен ұйпап, отап, шықпақ жеңіп.
Шахтерлер, жер астына терең сүңгі!
Түгел ал, соғысқа не болса құнды!
Заводта кен тастарын мол қырытып,
Жасайық машинадан мың-миллионды.
Идіре жер-ананы сау, мұнайшы!
Мұнайдан төгілмесін босқа тамшы!
Бетінен жер шарының бензинменен
Фашизм айғыздаған қанды аршы!
Фашистер - адамзаттың жыртқыш аңы,
Жерлерге қолы жеткен - өрт құшағы.
Балқытып көмейіне қорғасынды
Құяйық, күйсін обыр жұтқыншағы.
Соғысқа барлық күші көмек білген,
Жандырма босқа ұшқын электрден!
Әр директор ойласын: «мен жұмысшы»,
Әр жұмысшы ойласын: «директор мен!»
Бұл соғыс соғыс емес дені саумен,
Соғыстық естен танған, жынды жаумен.
Құтырған, миы ірің, қанды ауыз
Соқтықты құлатам деп асқар таумен.
Жындыға тау - төмпешік, теңіз - шалшық,
Асықтай жұлдыздарды алмақ қақшып.
Мазақтап есуасты дүние күлсін,
Зіл-ауыр салмағыңмен өлтір жаншып!
Соғыстың талай қиын бар қиясы,
Күшпенен алынатын әр қиясы,
Біздің күш - жеңетін күш - Ұлы Ленин
Біздің күш - большевиктер партиясы!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру