Cәбит Мұқанов (Елеусізге)

Не деп отыр, мынау хат?!
Не көріп отыр, мынау көз?!
«Өлім» деген лағнат,
Келуші ме еді бұлай тез?!
Кеше ғана емес пе,
Жөнелткенім қоштасып?!
Майдандағы егеске,
Калай тез жетті астасып?!
Тірі ме екен, әлде ол
Госпитальға түсті ме?
Сап болып әлде бәрі де...
Үйді ме топырақ үстіңе?
Апыр-ау, тірі келсейші,
Болса да кем-тар қай жері!
Тезірек хабар берсейші,
Тым болмаса дәрігері!
Не көріп отыр, мынау көз?!
«Өлім» деген лағнат,
Келуші ме еді бұлай тез?!
Кеше ғана емес пе,
Жөнелткенім қоштасып?!
Майдандағы егеске,
Калай тез жетті астасып?!
Тірі ме екен, әлде ол
Госпитальға түсті ме?
Сап болып әлде бәрі де...
Үйді ме топырақ үстіңе?
Апыр-ау, тірі келсейші,
Болса да кем-тар қай жері!
Тезірек хабар берсейші,
Тым болмаса дәрігері!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сәбит мұқанов өлең Елеусізге олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке