Cәбит Мұқанов (Еңбекші қазақ)
Төрт жылға аяқ аттадың,
Тебіренбей қарап жатпадың,
Тәрбиеші ананың
Адал сүтін ақтадың.
Жыланға қанын сорғызып,
Суыққа етін тоңғызып,
Жатқан елді ояттың,
Ұйқысынан тұрғызып.
Көрсетіп көзге жауларын,
Дұспанның құрған ауларын,
Достарына танытып,
Таптық жолдан таймадың.
Еңбекші бүкіл халықтың
Дос, дұшпанын таныттың,
Көрсеттің нұрын көзіне
Лениндік сәуле-жарықтың.
Түсіріп тура жолына,
Құрал боп оның қолына,
«Осыдан қол жазба» деп,
Түсірдің таптық жолына.
«Маркс, Ленин данышпан,
Бастап келген алыстан,
Көсемдерің сол дедің,-
Байлар соған жау, дұшпан».
Шаруаға көз болдың,
«Былай ет» деп, сөз бердің,
Мұңы болса халықтың,
Кешіктірмей тез көрдің.
Надандықпен алыстық,
Ел жайымен таныстың.
Жетпей жатқан іс болса,
Аудара қарап қағыстың.
Талай істі бітірдің,
Көп міндеттен құтылдың.
Жаңа міндет бәрін де
Өткеруге тұтындың.
Маған да түсіп жарығың,
Міндетті талай таныдым.
Көрнекті болып жемісің,
Ілгері бассын адымың!..
Тебіренбей қарап жатпадың,
Тәрбиеші ананың
Адал сүтін ақтадың.
Жыланға қанын сорғызып,
Суыққа етін тоңғызып,
Жатқан елді ояттың,
Ұйқысынан тұрғызып.
Көрсетіп көзге жауларын,
Дұспанның құрған ауларын,
Достарына танытып,
Таптық жолдан таймадың.
Еңбекші бүкіл халықтың
Дос, дұшпанын таныттың,
Көрсеттің нұрын көзіне
Лениндік сәуле-жарықтың.
Түсіріп тура жолына,
Құрал боп оның қолына,
«Осыдан қол жазба» деп,
Түсірдің таптық жолына.
«Маркс, Ленин данышпан,
Бастап келген алыстан,
Көсемдерің сол дедің,-
Байлар соған жау, дұшпан».
Шаруаға көз болдың,
«Былай ет» деп, сөз бердің,
Мұңы болса халықтың,
Кешіктірмей тез көрдің.
Надандықпен алыстық,
Ел жайымен таныстың.
Жетпей жатқан іс болса,
Аудара қарап қағыстың.
Талай істі бітірдің,
Көп міндеттен құтылдың.
Жаңа міндет бәрін де
Өткеруге тұтындың.
Маған да түсіп жарығың,
Міндетті талай таныдым.
Көрнекті болып жемісің,
Ілгері бассын адымың!..
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сәбит мұқанов өлең Еңбекші қазақ олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке