file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Cәбит Мұқанов (Май ұраны)

 Cәбит Мұқанов (Май ұраны)

Май ұраны, көгерсін жер, көгерсін!
Жасыл жібек өсімдікке бөленсін.
Жұпарлы жер, жансыздарға жан беріп,
Өмір сүріп, қыбырласын, кенелсін.
Сайрасын құс, жайнасын дөң, күлсін күн,
Оттай шалқып көзді тартып шықсын гүл.
Бұлақ ақсын, бұлаң қақсын, тауларды
Сағым белеп, бұп-буалдыр бассын нұр.
Толқысын көл, жасыл құрақ жайқалсын.
Ақ үкісі бұлғалаңдап шайқалсын.
Жасыл бүліс үстін жауып ағаштың,
Жас бұтақтар бұралаңдап жайқалсын.
Бұзау, қозы, құлын, бота, лақтар
Салсын асыр, жаңа шыққан құрақтар.
Май асасын, бір жасасын ешкі, қой,
Сиыр, бие, түйе - аққан бұлақтар.
Еккен егін самал толқып ырғалсын,
Қара топырақ жап-жасыл боп сырлансын,
Қоңыр бұлттан маржан жаңбыр сорғалап,
Күркіреп күн, егілген жер дымдансын.
Бұрқ-бұрқ етіп гуілдесін заводтар,
Зырылдатсын доңғалақты алыптар,
Алтын, күміс, мыс пен жездер қазылып,
Жылтылдасын шахталарда жарықтар.
Май ұраны жердің жүзін күңірентсін,
Еңбекші тап, тап намысын үдетсін!
Дүңкілдетіп көтерсін шу, күрессін,
Жердің шарын СССР дай түлетсін!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру