Жұмағали Саин (Май жыры)

 Жұмағали Саин (Май жыры)

Май!
Қала жоқ кетпеген адам кернеп,
Жалынды сөз, күшті уран көшені өрлеп,
Жер шарында адал жан үн қосады

Бірде туы көкке асып, бірде көлбеп.
Серпінді дауыстары өте қатты
Шақырған бар әлемде адамзатты,
Күреске топталуға бір адамдай

Көтеріп бейбітшілік деген атты.
Бұл үндер текпе дейді адам қанын.
Кореядан қайт дейді янки залым.
Соғыс емес тыныштық адал еңбек

Өмірдің келтіреді дейді сәнін.
Бұл үндер жер шарында талай тілде,
Сондай жылы жүректер— ұқсас үнге.
Өмір үшін туған сөз құдіретті ұран

Өмір барда жасамақ ол да бірге.
ССРО — бейбітшілік өмір таңы,
Тек адамның бақытты — тұтқан заңы,
Күнде жаңа құрылыс, күнде табыс,
Жылда қайта келеді жастық шағы.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру