Жұмағали Саин (Есіл)

 Жұмағали Саин (Есіл)

Жағасы жасыл барқыттай
Жайраңдап Есіл ағады.
Жайраңдап Есіл ағады
Ағысы қайда барады?
Күміс су ерке сәуледей
Күнде сылқ-сылқ күледі.
Күнде сылқ-сылқ күледі
Күнде ойнақшып жүреді.
Жағасы Есіл жапырақ
Жапырақ емес ерім тал.
Жапырақ емес өрім тал
Өрім талда жеміс бар.
Айдынында аққудай
Жүзем күнде келемін.
Жүзем күнде келемін
Бал жемісін теремін.
Балдай әуез шығарған
Қаздың әнін тыңдаймын.
Қаздың әнін тыңдаймын
Жаздың әнін тыңдаймын.
Халықтан туған қанатты
Саздың әнін тыңдаймын.
Саздың әнін тыңдаймын
Мен де саздай жырлармын.
Ернеуінен су атып
Есіліп өзен ағады.
Есіліп өзен ағады.
Бетіне мәнер салады.
Есілдің маңын ел жайлап
Суынан кәусар бал алған.
Бақытты ауыл саналған.
Есілдің маңы құлпырып,
Жаннаттайын жайнаған
Жаннаттайын жайнаған,
Есілде бұлбұл сайраған.
Есіл бір алтын қазына
Алқабы алыс таралған.
Алқабы алыс таралған.
Ел үшін Есіл жаралған.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру