Жұмағали Саин (Бала)
Адамға бала сүю бір қазына,
Секілді өшпес алтын, сөнбес мұра.
Уілдеп күнмен ойнап күлген бөбек.
Өмірдің ұқсамай ма бұлбұлына.
Оралып етегіне былдырлаған
Жүгіріп өзін-өзі құр-құрлаған.
Баланың жат тілі мен қызық даусы,
Естілер ақ күмістей сылдырлаған.
Адамның тек баладан бөлек жаны,
Болмаса бала күні — таң шолпаны.
Ақ маңдай, торсық шеке бал бөбекті!
Бір сүйсе басылмай ма шаршағаны.
Секілді өшпес алтын, сөнбес мұра.
Уілдеп күнмен ойнап күлген бөбек.
Өмірдің ұқсамай ма бұлбұлына.
Оралып етегіне былдырлаған
Жүгіріп өзін-өзі құр-құрлаған.
Баланың жат тілі мен қызық даусы,
Естілер ақ күмістей сылдырлаған.
Адамның тек баладан бөлек жаны,
Болмаса бала күні — таң шолпаны.
Ақ маңдай, торсық шеке бал бөбекті!
Бір сүйсе басылмай ма шаршағаны.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жұмағали саин сайын Бала өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Бала