Жұмағали Саин (Бұлбұл)
(Орденді большевик ұстазым Сәкен ақынға арнаймын)
Тәңірі деп талай бұлбұл зарлағанда,
Ай, күнім, ғашығым деп сарнағанда,
Сүй мені құшағыңда өлейін деп,
Арқадан жар сұлуын таңдағанда.
Қандай еді елдің іші, сыңсу - зарлау,
Дертті жан, қаралы әйел, қайғы - сарнау,
Ел қанын бай мен билер төкпеді ме?
Нашарға қиын еді жанын қармау...
Сол кезде төңкерістің тәтті күйін,
Ауылға әкелген еді сенің жырың,
Саңқылдап майдан жақтан көппен бірге,
Сен едің қызыл солдат — шыққан үнің.
Бұлбұлсың таңмен бірге таңдай қаққан,
Қайратты күй мен елді маужыратқан.
Майданда кедей ұлын аттандаған,
Білекке қызыл әлем белгі таққан.
Жас едің бірақ сенен оқып жырды,
Үйренгем алғашқы рет «Октябрьді».
Шырқатып күшті аңызбен «Жолдастарға»,
Естірткем бар әлемге шыққан күнді.
Сол күннен маған үлгі сенің әнің,
Сол күннен маған серік «Жолдастарың»,
Өткір тіл, сұлу сырлы жырларыңды,
Өлшеусіз етіп сүйер жаным.
Мен сенің өміріңе қанған жанмын,
Сырыңнан тәтті сусын алған жанмын,
Айбынды сенің күшті даусыңменен,
Әніңе көп алдында салған жанмын.
Тәңірі деп талай бұлбұл зарлағанда,
Ай, күнім, ғашығым деп сарнағанда,
Сүй мені құшағыңда өлейін деп,
Арқадан жар сұлуын таңдағанда.
Қандай еді елдің іші, сыңсу - зарлау,
Дертті жан, қаралы әйел, қайғы - сарнау,
Ел қанын бай мен билер төкпеді ме?
Нашарға қиын еді жанын қармау...
Сол кезде төңкерістің тәтті күйін,
Ауылға әкелген еді сенің жырың,
Саңқылдап майдан жақтан көппен бірге,
Сен едің қызыл солдат — шыққан үнің.
Бұлбұлсың таңмен бірге таңдай қаққан,
Қайратты күй мен елді маужыратқан.
Майданда кедей ұлын аттандаған,
Білекке қызыл әлем белгі таққан.
Жас едің бірақ сенен оқып жырды,
Үйренгем алғашқы рет «Октябрьді».
Шырқатып күшті аңызбен «Жолдастарға»,
Естірткем бар әлемге шыққан күнді.
Сол күннен маған үлгі сенің әнің,
Сол күннен маған серік «Жолдастарың»,
Өткір тіл, сұлу сырлы жырларыңды,
Өлшеусіз етіп сүйер жаным.
Мен сенің өміріңе қанған жанмын,
Сырыңнан тәтті сусын алған жанмын,
Айбынды сенің күшті даусыңменен,
Әніңе көп алдында салған жанмын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жұмағали саин сайын Бұлбұл өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Бұлбұл