Жұмағали Саин (Лагерь жыры)
(Орыстың «Нас побить хотели» деген - әнімен)
Жаз жайнатып, күн күлдіріп,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Орман таудың арасында,
Көрінді әне, ақ шатыр,
(Онда қызыл ту ұстаған,
Біз пионер — жас батыр.
Жалындасын жас жігерлер,
Бойда қайнап — күш-қуат,
Біздің заман сонша қызық,
Біздің тұрмыс рахат.
Барабанның ашық даусы,
Қаттырақ шық, саңқылда!
Ей, алдағы жас командир,
Бас маршқа жарқылда!
Думан сауық, ән, күйменен,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Күміс сулы, таза ауамен,
Дем аламыз, қайтамыз,
Бар дауыспен әнге салып,
Лагерь жырын айтамыз.
Жаз жайнатып, күн күлдіріп,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Орман таудың арасында,
Көрінді әне, ақ шатыр,
(Онда қызыл ту ұстаған,
Біз пионер — жас батыр.
Жалындасын жас жігерлер,
Бойда қайнап — күш-қуат,
Біздің заман сонша қызық,
Біздің тұрмыс рахат.
Барабанның ашық даусы,
Қаттырақ шық, саңқылда!
Ей, алдағы жас командир,
Бас маршқа жарқылда!
Думан сауық, ән, күйменен,
Біз лагерьге барамыз.
Асыл жібек гүл үстінде,
Аунап ойнақ саламыз.
Күміс сулы, таза ауамен,
Дем аламыз, қайтамыз,
Бар дауыспен әнге салып,
Лагерь жырын айтамыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жұмағали саин сайын Лагерь жыры өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Лагерь жыры