file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жұмағали Саин (Май сипаттары)

 Жұмағали Саин (Май сипаттары)

Таңның сыры таң қалғандай,
Тарихта еш болмаған,
Күннің көзі от жанғандай,
Көріп көңілі тоймаған.
Елі күліп, құсы сайрап,
Күні күлім қаққандай.
Ағаштары тұр масайрап,
Бүгін шолпы таққандай.
Шолпылары көк жапырақ,
Ағашына берген сән,
Дәл басында құстар шулап,
Мәз болады шырқайды ән.
Қаз қаңқылдап, үйрек ұшып,
Сұлу аққу көлінде.
Табиғат бай түрге түсіп,
Ажар кірген жеріне.
Қыры көкшіл, ойы майса,
Қызыл, жасыл қызғалдақ.
Бал мінезді қалқатайша,
Бас .иеді бұлғаңдап.
Әне, қара, жер шебері,
Қара мақпал қиғандай,
Соқа салды Енбек Ері
Жер айырды, тұр қандай!
О да жерге өрнек салар,
Өрнек салар мәнерлеп,
Жыртқан жері алтындай,
Сонсын айтам шебер деп.
Еңбек жыртқан қара жерге,
Алтын бидай өнеді,
Мақпалдайын асқар белге,
Жарқын көрік береді.
Таңы сырлы таң қалғандай,
Тарихта еш болмаған,
Күні нұрлы от жанғандай,
Көріп көңіл тоймаған.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру