Жұмағали Саин (Тазаланған төре)
Таң да атты, күннің көзі күлімдеп,
Жердің жүзін оятатын нұрым деп,
Шашқанда нұр, сайрағанда бұлбұлы,
Еңбекші жас менің сүйер ұлым деп.
Жастығынан барлық халық бас алды,
Бетін жуып алдарына ас алды.
Күрсінді де бір жуантық алтын тіс,
Кемсеңдеді шын көзінен жас алды.
Жасын төгіп құдайына жалынды,
Алғаның ба шыныменен бағымды,
Үйтіп, бүйтіп тесік тауып ертеде,
Большевикке кісі боп ем жағымды.
Енді міне шықты қуып орнымнан,
Талпынсам да түк өнбейді қолымнан.
Бой таса ғып басқа жаққа барсам да,
Қудалайды, тани ма әлде тонымнан.
Жердің жүзін оятатын нұрым деп,
Шашқанда нұр, сайрағанда бұлбұлы,
Еңбекші жас менің сүйер ұлым деп.
Жастығынан барлық халық бас алды,
Бетін жуып алдарына ас алды.
Күрсінді де бір жуантық алтын тіс,
Кемсеңдеді шын көзінен жас алды.
Жасын төгіп құдайына жалынды,
Алғаның ба шыныменен бағымды,
Үйтіп, бүйтіп тесік тауып ертеде,
Большевикке кісі боп ем жағымды.
Енді міне шықты қуып орнымнан,
Талпынсам да түк өнбейді қолымнан.
Бой таса ғып басқа жаққа барсам да,
Қудалайды, тани ма әлде тонымнан.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жұмағали саин сайын Тазаланған төре өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Тазаланған төре