Орынбай ақын Бертағыұлы (Өлген соң бай мен жарлы мал демейді)
Өлген соң бай мен жарлы мал демейді,
Мынаны бер, мынаны ал демейді.
Басына бай кісі өлсе, жастық тастап,
Астына қалың көрпе сал демейді.
Жарлыны, кәне, байдан кем көргені,
Бетіне бірдей қылып өң бергені.
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап,
Құдайдың осы емес пе тең көргені.
Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды,
«Құдай» деген пендесін жарылқайды.
«Адам басы - алланың добы» деген,
Соқса да қалай қарай домалайды.
Мынаны бер, мынаны ал демейді.
Басына бай кісі өлсе, жастық тастап,
Астына қалың көрпе сал демейді.
Жарлыны, кәне, байдан кем көргені,
Бетіне бірдей қылып өң бергені.
Кигізіп төрт қарыс бөз, кесек жастап,
Құдайдың осы емес пе тең көргені.
Жарандар жат қылмаңдар бір құдайды,
«Құдай» деген пендесін жарылқайды.
«Адам басы - алланың добы» деген,
Соқса да қалай қарай домалайды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: орынбай акын Өлген соң бай мен жарлы мал демейді олен өлең, орынбай ақын өлең, орынбай ақынның әдеби мұрасы, стихи на казахском языке орынбай акын, орынбай акын олен өлең, Орынбай ақын Бертағыұлы өлең қазақша