Сүйінбай Аронұлы (Үмбетәліге)
Екей деген ел едім,
Сүйінбай деген мен едім.
«Орман өлді» - деген соң,
Көңіл айта кеп едім.
Көңіл айта келгенде,
Мұның қалай, хан Үмбет,
«Атаңның аузы» дегенің?!
Үмбетәліге, Шапғыным,
Орманның ұлы сен едің.
Үмбетәліге хан болды,
Дегенді естіп алыстан,
Әдейі естіп кеп едім.
Көңіліңді демденіп,
Хан ордасын басыпсын.
Атаңды сенің өлтірген,
Бұғы елін шауып, жаншыпсың.
Қыз-қатынын тұтқын қып,
Тау суындай тасыпсың.
Үмбетәлі, Шарғының,
Бұғы бопты ермегі.
Мүліктерін жинап ап,
Малын шауып елдегі.
Нәсіп болған сендерге,
Орман атаң өлгелі.
Байталының құны деп,
Сексен жылқы алыпты.
Дұрыс па еді сол жері?
Бір кезекте хан Орман,
Бұқара елім сенсің деп
Қойдай айдап қырғызды,
Алдына сап жеп еді.
Айдаһардай араны,
Бұғыны жылда мазалап,
Көрінбей көзге жегені.
Бір байталға дау болып,
Ақырында жау болып,
Дүниеден Орман жөнеді.
Сөйтіп өлген атаңа,
Ел шапқаның жөн бе еді?!
«Бір асқанға, бір тосқан»
Осындай өлім кез келді.
Әділет жоқ өзіңде,
Ниетің жаман өзгерді.
Қойға қасқыр шапқандай,
Үмбетәлі, Шарғының,
Жаулағаны өз елі.
Есіткен жандар мұныңды,
Әділеттік демеді.
Хан құдайдың ұлы емес,
Құдайға да құл керек,
Халықтың жоқ па керегі?!
Онандағы ұстап ап,
Өлтірсаң не етті ұрыны?
Бір ұрыға күйдіріп,
Жайға жатқан бұғыны.
Дұрыс-ақ деп тұрсың ба,
Үмбетәлі мұныңды?!
Қан құмарлық ісіңмен,
Кетіріп алдың құныңды.
Әділдікті айтамын,
Кесе алмайсың тілімді,
Айтып өтем мініңді!
Шын жақсыда тарлық жоқ,
Әділ сөзге зорлық жоқ,
Халық сүймесе сөзіңді,
Тиянақ жоқ, заңдық жоқ.
Іздеп келген адамдар,
Ханнан жауап ала алмай,
Есігіне бара алмай,
Сөйлесе мейірі қана алмай,
Емес пе елге қызыл шоқ.
Ханның мұндай болғаны,
Жұлқынтып ұрған жын болар.
Шоқ өшпей тағы тұра ма,
О дағы сөніп күл болар.
Дүниеге тұтқа мен деме,
Ол да бір күн тұл болар!
Айыбымды айтты десеңіз,
Өлтіресің бір қазақты,
Өлтірем деп қазақты,
Жау үстіне жау шығып,
Тартып жүрме азапты.
Жай жатқан елге өрт қойып,
Қайтарулы бүркіттей,
Жаймасын қазақ қанатты.
Аңға шапқан аюдай,
Орман атаң айтайын,
Өр мінезден не тапты?
Жаудан қорғап елдерін,
Асқындырма жарақты.
Байтал үшін өлмесе,
Істеді ме қазатты?!
Сен шапқан кеше Бұғы елі,
Есін жинап, қол құрды,
Жеп жүрмегін таяқты!
Сүйінбай деген мен едім.
«Орман өлді» - деген соң,
Көңіл айта кеп едім.
Көңіл айта келгенде,
Мұның қалай, хан Үмбет,
«Атаңның аузы» дегенің?!
Үмбетәліге, Шапғыным,
Орманның ұлы сен едің.
Үмбетәліге хан болды,
Дегенді естіп алыстан,
Әдейі естіп кеп едім.
Көңіліңді демденіп,
Хан ордасын басыпсын.
Атаңды сенің өлтірген,
Бұғы елін шауып, жаншыпсың.
Қыз-қатынын тұтқын қып,
Тау суындай тасыпсың.
Үмбетәлі, Шарғының,
Бұғы бопты ермегі.
Мүліктерін жинап ап,
Малын шауып елдегі.
Нәсіп болған сендерге,
Орман атаң өлгелі.
Байталының құны деп,
Сексен жылқы алыпты.
Дұрыс па еді сол жері?
Бір кезекте хан Орман,
Бұқара елім сенсің деп
Қойдай айдап қырғызды,
Алдына сап жеп еді.
Айдаһардай араны,
Бұғыны жылда мазалап,
Көрінбей көзге жегені.
Бір байталға дау болып,
Ақырында жау болып,
Дүниеден Орман жөнеді.
Сөйтіп өлген атаңа,
Ел шапқаның жөн бе еді?!
«Бір асқанға, бір тосқан»
Осындай өлім кез келді.
Әділет жоқ өзіңде,
Ниетің жаман өзгерді.
Қойға қасқыр шапқандай,
Үмбетәлі, Шарғының,
Жаулағаны өз елі.
Есіткен жандар мұныңды,
Әділеттік демеді.
Хан құдайдың ұлы емес,
Құдайға да құл керек,
Халықтың жоқ па керегі?!
Онандағы ұстап ап,
Өлтірсаң не етті ұрыны?
Бір ұрыға күйдіріп,
Жайға жатқан бұғыны.
Дұрыс-ақ деп тұрсың ба,
Үмбетәлі мұныңды?!
Қан құмарлық ісіңмен,
Кетіріп алдың құныңды.
Әділдікті айтамын,
Кесе алмайсың тілімді,
Айтып өтем мініңді!
Шын жақсыда тарлық жоқ,
Әділ сөзге зорлық жоқ,
Халық сүймесе сөзіңді,
Тиянақ жоқ, заңдық жоқ.
Іздеп келген адамдар,
Ханнан жауап ала алмай,
Есігіне бара алмай,
Сөйлесе мейірі қана алмай,
Емес пе елге қызыл шоқ.
Ханның мұндай болғаны,
Жұлқынтып ұрған жын болар.
Шоқ өшпей тағы тұра ма,
О дағы сөніп күл болар.
Дүниеге тұтқа мен деме,
Ол да бір күн тұл болар!
Айыбымды айтты десеңіз,
Өлтіресің бір қазақты,
Өлтірем деп қазақты,
Жау үстіне жау шығып,
Тартып жүрме азапты.
Жай жатқан елге өрт қойып,
Қайтарулы бүркіттей,
Жаймасын қазақ қанатты.
Аңға шапқан аюдай,
Орман атаң айтайын,
Өр мінезден не тапты?
Жаудан қорғап елдерін,
Асқындырма жарақты.
Байтал үшін өлмесе,
Істеді ме қазатты?!
Сен шапқан кеше Бұғы елі,
Есін жинап, қол құрды,
Жеп жүрмегін таяқты!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сүйінбай аронұлы Үмбетәліге стихи олен өлеңі, суюнбай аронулы стихи на казахском языке, суюнбай аронулы олендери на казахском языке, суюнбай аронулы олен, сүйінбай аронұлы өлеңдері әдеби әлем, сүйінбай аронұлы өлеңдер