Іңкәр-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Ер тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Тәуекелге беліңді бек байлайсың,
Ер жігіттің арымас арғымағы.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.
Иран бақтың, ай, қалқа, гүлідейсің,
Піскен алма алқызыл түріндейсің.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Жүзіп жүрген судағы сен ақ қайран,
Салсам қармақ өзіңе ілінбейсің.
Іңкәр-ай,Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Тәуекелге беліңді бек байлайсың,
Ер жігіттің арымас арғымағы.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.
Иран бақтың, ай, қалқа, гүлідейсің,
Піскен алма алқызыл түріндейсің.
Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Жүзіп жүрген судағы сен ақ қайран,
Салсам қармақ өзіңе ілінбейсің.
Іңкәр-ай,Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Іңкәр-ай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Инкар-ай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Іңкәр-ай