Шіркін-ай (1-нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)
Жылқы айдаймын көшкенде-ей, дөненменен,
Алма мойын арғымақ, шіркін-ай,
Дәурен-ай, көбеңменен, айдай-ай.
Жас өспірім жеткіншек балаларға,
Айтар сөзім мінеки, шіркін-ай,
Дәурен-ай, өлеңменен, айдай-ай.
Дәйім менің мінгенім ей, құла серек,
Өзім әнші топ жарған, шіркін-ай,
Дәурен-ай, бұла сергек, айдай-ай.
Сарымайдай сақтаған-ей, өлеңіңді,
Осындайда айтпасаң, шіркін-ай,
Дәурен-ай, неге керек, айдай-ай.
Алма мойын арғымақ, шіркін-ай,
Дәурен-ай, көбеңменен, айдай-ай.
Жас өспірім жеткіншек балаларға,
Айтар сөзім мінеки, шіркін-ай,
Дәурен-ай, өлеңменен, айдай-ай.
Дәйім менің мінгенім ей, құла серек,
Өзім әнші топ жарған, шіркін-ай,
Дәурен-ай, бұла сергек, айдай-ай.
Сарымайдай сақтаған-ей, өлеңіңді,
Осындайда айтпасаң, шіркін-ай,
Дәурен-ай, неге керек, айдай-ай.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Шіркін-ай (1-нұсқа) өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ширкин-ай (1-нуска) казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Шіркін-ай (1-нұсқа)