Сәулем-ай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)
Айдап салдым жылқымды ақ қауданға,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.
Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға, сәулем-ай.
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай.
Сары белден сарғайып таң атқанда,
Аққұбаша, бидай өң түн қатқанда, сәулем-ай.
Ұзақ таңға ер жігіт қайтіп шыдар,
Сары майдай толықсып қыз жатқанда, сәулем-ай.
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай.
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.
Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға, сәулем-ай.
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай.
Сары белден сарғайып таң атқанда,
Аққұбаша, бидай өң түн қатқанда, сәулем-ай.
Ұзақ таңға ер жігіт қайтіп шыдар,
Сары майдай толықсып қыз жатқанда, сәулем-ай.
Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Сәулем-ай /1-нұсқа/ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Саулем-ай /1-нуска/ казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Сәулем-ай /1-нұсқа/