Ал, жаным-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең деген немене өнерпазға,
Өлең тұрмақ сөз қиын, ал, жаным-ай, ақылы азға-ай-ау.
Көтерелік көңілді өлең айтып-ау,
Кім бар, кім жоқ ендігі, ал, жаным-ай, келер жазға-ай-ау.
[Қайырмасы]
Ал, жаным-ай,
Аман-есен болса екен, мал жаның-ай.
Қонған жері елімнің ой болса екен,
Ойды қаптай жайылған, ал, жаным-ай, қой болса екен-ай,
Сұрайтыным тағдырдан, аулыңда-ай-ау,
Күнде осылай бас қосар, ал, жаным-ай, той болса екен-ай-ау.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Ал жаным-ай өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Ал жаным-ай казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Ал жаным-ай