Абайкөк (үшінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)
Қараойда ма аулың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем, артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.
Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.
Дәйім менің мінгенім сұрша құнан, Абайкөк.
Қозы ағыттым көгеннің бұршағынан, Абайкөк,
Шынты көңілің, шын пейілің менде болса, Абайкөк,
Жолығайық ауылдың сырт жағында, Абайкөк.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қазақ ауыз әдебиеті Абайкөк (үшінші нұсқа) өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Абайкок (ушинши нуска) казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Абайкөк (үшінші нұсқа)