Міржақып Дулатұлы (Терме)

 Міржақып Дулатұлы (Терме)

Ғақлы кәміл жігіттер,
Заманның көз сал халына.
Халыкыңның ойла файдасын,
Өзің үшін налыма.
Нашарларды жылатып,
Байлардың сатпа малына.
Көз жасына қаларсың,
Қарамасаң зарына.
Баса айтпасам болмайды.
Жүк тартатын нарыма.
Қайратың болса, ал көрсет,
Келді ыңғайлы жағыңа.
Бәйгеге қостым тұлпар деп,
Ұқсап жүрме жабыға.
Алдымен өлсең майданда,
Талас жоқ сенің бағыңа.
Көре алмаған дұспандар,
Ілесе алмас шаңыңа.
Басыңды тік бәйгеге.
Бір халқыңның ғамына.
Алаш деп ұран естілсе,
Кім бұрылмас қанына.
Фаһімлер деп айтамын,
Фарасатың барына.
Бұл уақытта кез келдік,
Заманның мұндай тарына.
Асықбасаң көрерсің
Мұны азсынсаң тағы да.
Хиянаттан бой тартып,
Шық ғаділет жағына.
Мұны істесең, шығарсың,
Абройдың тағына.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру