Ілияс Жансүгіров (Боранда)
Қарлатып қатты боран қарпылдап тұр.
Үскірік-аяз қызыл шартылдап тұр.
Қой ығып, басын қоршап ыққа тығып,
Көміліп қалың қарға қарқындап тұр.
Сүйеніп таяғына қой қасында,
Дірілдеп Таймас сорлы қалтылдап тұр.
Аяқта жуан жіппен буған шарық,
Сүйреліп киіз шұлғау жалпылдап тұр.
Ашылып қабырға-омырау қарға қарсы,
Тақымы шалбарынан жалтылдап тұр.
Денесін қалыбымен суық ұстап,
Ызың жел селкілдетіп, аңқылдап тұр.
Мойнына жабысқан қар ери қатып,
Иекте мұз сүңгілер салпылдап тұр...
Жылы ішік, түлкі тұмақ, саптамалы,
Дүйсек бай дөң басында салқындап тұр.
«Ары таман қойды қозғап, жайсаңшы!»- деп,
Таймасқа қожайынсып шаңқылдап тұр
«Алғаның ас болмағыр, ит-шошқа» деп,
Қарғадай қармен бірге қарқылдап тұр.
Үскірік-аяз қызыл шартылдап тұр.
Қой ығып, басын қоршап ыққа тығып,
Көміліп қалың қарға қарқындап тұр.
Сүйеніп таяғына қой қасында,
Дірілдеп Таймас сорлы қалтылдап тұр.
Аяқта жуан жіппен буған шарық,
Сүйреліп киіз шұлғау жалпылдап тұр.
Ашылып қабырға-омырау қарға қарсы,
Тақымы шалбарынан жалтылдап тұр.
Денесін қалыбымен суық ұстап,
Ызың жел селкілдетіп, аңқылдап тұр.
Мойнына жабысқан қар ери қатып,
Иекте мұз сүңгілер салпылдап тұр...
Жылы ішік, түлкі тұмақ, саптамалы,
Дүйсек бай дөң басында салқындап тұр.
«Ары таман қойды қозғап, жайсаңшы!»- деп,
Таймасқа қожайынсып шаңқылдап тұр
«Алғаның ас болмағыр, ит-шошқа» деп,
Қарғадай қармен бірге қарқылдап тұр.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ілияс Боранда жансүгіров өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать