Ілияс Жансүгіров (Көлге)
Көмкеруің көк көгал,
Күлмеңдеген күміс көл,
Көнерең кесте - құрақ, тал.
Кестеңді өртер күзгі жел.
Оранып ұлпа ойдымды,
Ойпанда жатып етгің наз,
Төсінде құстар той қылды,
Той бастады қу мен қаз.
Сүңгуір, сұқсыр сүмеңдеп,
Қасқалдағың қалтылдап,
Шүрегейің шүмеңдеп,
Шағалаң шулап шаңқылдап.
Шомылған сұлу суыңа,
Шапылдатып алақан.
Мықшиған мерген қуыңа,
Балалар қуып балапан.
Көк құндақты күміс көл,
Күбірлеме, жыр айтам.
Сал құлақты, көңіл бөл,
Болды сендей бір қалқам.
Ол да сендей сұлу ед,
Жасы да оның жас еді.
Жаз өмірімде туып ед,
Жазы да оның аз еді.
Бейне біткен қайыңдай,
Білегі мінсіз балғынның.
Ақша төсі айдындай,
Шашы сенің, шалғының.
Қасы сенің қабағың,
Лебі сенің лебіңдей.
Саусағы сенің шабағың,
Шынтағы шыбық өрімдей.
Оның да өмірі жартымсыз,
Болды, лажсыз күз жетгі.
Өмір күзі сұрқынсыз,
Екі он бестен жасы өтті.
Сен де сондай боларсың,
Жаздың жақын өтері.
Сен де сондай боларсың,
Бір боларсың екеуің.
Күлмеңдемес көзің көл,
Өлезір де тұнжырар.
Күй күйлетер күзгі жел,
Бақа-шаян шыңғырар.
Толқын бетіңді ажымдап,
Қартаярсың қалтырап.
Долы дауыл азынап,
Жалп-жалп ұшар жапырақ.
Қиқу салған құстарың,
Қош айтысар күн болар.
Құшағыңа құштардың
Қалмас бірі, жым болар.
Қарашалап қар жауса,
Қалармысың қартаймай?
Қамыс, қоғаң сарғайса,
Қартаярсың қалқамдай...
Күлмеңдеген күміс көл,
Көнерең кесте - құрақ, тал.
Кестеңді өртер күзгі жел.
Оранып ұлпа ойдымды,
Ойпанда жатып етгің наз,
Төсінде құстар той қылды,
Той бастады қу мен қаз.
Сүңгуір, сұқсыр сүмеңдеп,
Қасқалдағың қалтылдап,
Шүрегейің шүмеңдеп,
Шағалаң шулап шаңқылдап.
Шомылған сұлу суыңа,
Шапылдатып алақан.
Мықшиған мерген қуыңа,
Балалар қуып балапан.
Көк құндақты күміс көл,
Күбірлеме, жыр айтам.
Сал құлақты, көңіл бөл,
Болды сендей бір қалқам.
Ол да сендей сұлу ед,
Жасы да оның жас еді.
Жаз өмірімде туып ед,
Жазы да оның аз еді.
Бейне біткен қайыңдай,
Білегі мінсіз балғынның.
Ақша төсі айдындай,
Шашы сенің, шалғының.
Қасы сенің қабағың,
Лебі сенің лебіңдей.
Саусағы сенің шабағың,
Шынтағы шыбық өрімдей.
Оның да өмірі жартымсыз,
Болды, лажсыз күз жетгі.
Өмір күзі сұрқынсыз,
Екі он бестен жасы өтті.
Сен де сондай боларсың,
Жаздың жақын өтері.
Сен де сондай боларсың,
Бір боларсың екеуің.
Күлмеңдемес көзің көл,
Өлезір де тұнжырар.
Күй күйлетер күзгі жел,
Бақа-шаян шыңғырар.
Толқын бетіңді ажымдап,
Қартаярсың қалтырап.
Долы дауыл азынап,
Жалп-жалп ұшар жапырақ.
Қиқу салған құстарың,
Қош айтысар күн болар.
Құшағыңа құштардың
Қалмас бірі, жым болар.
Қарашалап қар жауса,
Қалармысың қартаймай?
Қамыс, қоғаң сарғайса,
Қартаярсың қалқамдай...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: көл туралы өлеңдер, көл туралы өлең, көлдер туралы өлеңдер, стихи на казахском языке озеро, ілияс жансүгіров Көлге көл олен өлеңдер, ілияс жансүгіров өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіровтың өлеңдер жинағы, ильяс жансүгіров олендери, ильяс жансугуров стихи на казахском языке, ильяс жансугуров казакша стихи, ильяс жансугуров, казакша стихи ильяс жансугуров казакша стихи скачать