Сәкен Сейфуллин (Түс)
Түсімде жапан түзде кезіп жүріп,
Қорғансыз бір бақшаға келдім кіріп.
Аяныш түсті ойыма сол арада,
Қуарған ағаштардың түрін көріп.
Семіпті сұры кетіп ағаштары,
Көгерген жапырақ жоқ – бәрі сары,
Жаздыгүні қурапты сорлы бақша,
Болмаса жаратушы хақтың жары.
Жайқалып көкпеңбек боп тұрған толып,
Көк шалғын сұлап жатыр қуқыл болып,
Қызылды-жасылды боп желкілдеген
Гүл шешек түрі кеткен қурап-солып.
Ағаштың көзім түсіп жастарына,
Мен бардым жөн сұрауға қастарына.
Салбырап ой ойлап тұр көк шыбықтар,
Бір қайғы түскендей-ақ бастарына.
Сұрап ем бір шыбықтан жөн-жобасын,
Шыбық сорлы тұқитып төмен басын,
Сыбырлап, ақырын ғана жауап берді,
Ағызып екі көзден ыстық жасын.
Шыбық айтты (шаққандай ғып ішкі сырын):
«Белгілі бақша екенбіз бұдан бұрын,
Әртүрлі ағаш, гүл, шешек — бәрі де өскен
Адамзат таң қалғандай көріп түрін.
Ынтымақсыз иеміз болғаннан соң,
Жанжал қып, харап қыпты бірі бірін.
Түсіпті қараңғылық сонсоң бізге,
Хақ тәңірі аяғандай бізден нұрын...»
Оянып, түсті ойыма өткен уақыт
(Елестеп көз алдыма жас пен бақыт).
Шынымен қайран бақша өшкені ме,
Жайнаған гүлдер өсіп кең «пайтахіт»?!*
«Көк шыбықтар көбейсе тал боп жетіп,
Көркейер сонда бақша, қайғы кетіп.
Я, Алла! Жеткіз сорлы жастарды!» — деп
Тіледім, шыбықтардан үміт етіп.
Қорғансыз бір бақшаға келдім кіріп.
Аяныш түсті ойыма сол арада,
Қуарған ағаштардың түрін көріп.
Семіпті сұры кетіп ағаштары,
Көгерген жапырақ жоқ – бәрі сары,
Жаздыгүні қурапты сорлы бақша,
Болмаса жаратушы хақтың жары.
Жайқалып көкпеңбек боп тұрған толып,
Көк шалғын сұлап жатыр қуқыл болып,
Қызылды-жасылды боп желкілдеген
Гүл шешек түрі кеткен қурап-солып.
Ағаштың көзім түсіп жастарына,
Мен бардым жөн сұрауға қастарына.
Салбырап ой ойлап тұр көк шыбықтар,
Бір қайғы түскендей-ақ бастарына.
Сұрап ем бір шыбықтан жөн-жобасын,
Шыбық сорлы тұқитып төмен басын,
Сыбырлап, ақырын ғана жауап берді,
Ағызып екі көзден ыстық жасын.
Шыбық айтты (шаққандай ғып ішкі сырын):
«Белгілі бақша екенбіз бұдан бұрын,
Әртүрлі ағаш, гүл, шешек — бәрі де өскен
Адамзат таң қалғандай көріп түрін.
Ынтымақсыз иеміз болғаннан соң,
Жанжал қып, харап қыпты бірі бірін.
Түсіпті қараңғылық сонсоң бізге,
Хақ тәңірі аяғандай бізден нұрын...»
Оянып, түсті ойыма өткен уақыт
(Елестеп көз алдыма жас пен бақыт).
Шынымен қайран бақша өшкені ме,
Жайнаған гүлдер өсіп кең «пайтахіт»?!*
«Көк шыбықтар көбейсе тал боп жетіп,
Көркейер сонда бақша, қайғы кетіп.
Я, Алла! Жеткіз сорлы жастарды!» — деп
Тіледім, шыбықтардан үміт етіп.
*Пайтахіт – парсы сөзі, астана, патша сарайы деген мағынада.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сәкен saken сакен сейфуллин Түс өлең олен казакша, стихи сакена сейфуллина тус на казахском языке, сакен сейфуллин стихи на казахском языке скачать, сәкен сейфуллин өлеңдері, сәкен сейфуллин түс өлеңі