Арман Сәбитбекұлы (Қазақ елі)

 Арман Сәбитбекұлы (Қазақ елі)

Қазақ елі - құдіретім, байтағым,
Шежірелі дергің бар сан ғасыр.
Аңыз етіп адамзатқа айтамын,
Самұрықтай деген оймен,самғасын!

Тәй-тәй басып Енесай мен Орхоннан,
Әр қадамнан даналығы даритын.
Елін бастап болашаққа Өр Қаған,
Балбал тасқа жазған тұңғыш тарихын.

Жалын тартып, жылқы мінген бабамыз,
Қымыз ішкен, күбі піскен күрпілдеп.
Содан бері ортаймаған сабамыз,
Толып келед тобамызбен біртіндеп.

Қорқыт атам қобызымен дем берген,
Кең даланың атырабын аралап.
Тауларын да хан тағымен тең көрген,
Алты Алашым абыроймен даралап.

Асан қайғы Жерұйығын іздеген,
Желмаямен желіп жүріп жер танып.
Ұлы халық екенбіз ғой біз деген,
Ас беретін, сауын айтып ел танып.

Шашақ байлап сағағына найзаның,
Ұрыс, соғыс айласында бар нұсқа.
Көк бөрі ғой шағатығұн айға мұң,
Тэмуджинді айналдырған Шыңғысқа.


Домбыраның дүбірлетіп шанағын,
Шалқытатын шабытыңды шақ қандай.
Шарт жүгініп, қынап алып тамағын,
Әнге қосып, екі шекті қаққандай.

Қазағымның көңілі ашық, алды кең,
Танытады тағылым мен танымды.
Ұлтым жайлы айтам десең, алдымен,
Тазалап ал жүрегің мен жаныңды.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру