Әке-ана
Сезімің неткен ыстық балаңа тым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.
Қаншама азап шектің сәби үшін
Мен саған қарыздармын жан анашым.
Іздесек сендей жанды табамыз ба,
Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да.
Серік боп өмір бойы анамызға
Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.
Қайырмасы:
Сәл ғана жүрсем алыс жырақтарда,
Сағынам екеуіңді бір аптадай.
Арманым одан артық жоқ дер едім,
Бір болсам өздеріңмен жұмақта да.
Әкешім жол сілтейтін ақылшымсың,
Анашым ұл-қыз таптың батырсың шын.
Құрметтеп өздеріңді сыйламасам,
Өмірде перзент деген атым құрсын.
Төрт бөліп түн ұйқыңды қарағансың.
Қаншама азап шектің сәби үшін
Мен саған қарыздармын жан анашым.
Іздесек сендей жанды табамыз ба,
Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да.
Серік боп өмір бойы анамызға
Күлімдеп жүрші әкешім арамызда.
Қайырмасы:
Сәл ғана жүрсем алыс жырақтарда,
Сағынам екеуіңді бір аптадай.
Арманым одан артық жоқ дер едім,
Бір болсам өздеріңмен жұмақта да.
Әкешім жол сілтейтін ақылшымсың,
Анашым ұл-қыз таптың батырсың шын.
Құрметтеп өздеріңді сыйламасам,
Өмірде перзент деген атым құрсын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ана мен аке олен, әке ана туралы өлеңдер, ана әке өлеңі, ана мен әке туралы өлең, аке ана туралы олендер, аке ана туралы олен казакша, стихи на казахском языке про отца, стихи на казахском языке про папу, стихи на казахском языке про мама и отец