Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Көрінбес)
Көрінбес өз көзіңе, тіпті өз бойыңа:
"Өзімді-өзім білемін!"- деуді қоюыңа.
"Өзімді-өзім білемін!"- деп ойласаң,
Адасқан айдалаға бүл бір диуана.
Көк пен жер айдай ғалам көрген көзі,
Еш уақта көре алған ба өзін-өзі?!
"Қол аясы тұта алмас өз білегін"-
Деген бар бұрынғының мақал сөзі.
Ыңғайшыл дөңгеленіп келсе жолдас,
Алданған оны дос деп, әр кез оңбас.
Малдандың-ақ, алдандың, айтқан сөзін,
Ыңғайыңа көшкеннен күн бұрын қаш!
Анық досың (достың) ғайыбыңды айтқан жүзге (иүзге),
Жанашырды жоқ деп біл онан өзге.
Қақ маңдайы дұшпанның жалғандағы
Мақтағышы өзіңді көзбе-көзге!
Ақылды (ғақыллы) адам ақымақтан сілкер қолды,
Даярлап өз ғайыбына ашар жолды!
Сырттан айтпай, ерсі ісін көзіңе айтса,
Қайда бар жанашыры онан онды?!
Ақымақ адам хақлықты теріс көрер,
"Жанның бәрін бірдей"- деп, тегіс көрер.
Ақылсыздар білмейтін өз пайдасын,
Хақлық сөзді зор ауыр сөгіс көрер!..
"Өзімді-өзім білемін!"- деуді қоюыңа.
"Өзімді-өзім білемін!"- деп ойласаң,
Адасқан айдалаға бүл бір диуана.
Көк пен жер айдай ғалам көрген көзі,
Еш уақта көре алған ба өзін-өзі?!
"Қол аясы тұта алмас өз білегін"-
Деген бар бұрынғының мақал сөзі.
Ыңғайшыл дөңгеленіп келсе жолдас,
Алданған оны дос деп, әр кез оңбас.
Малдандың-ақ, алдандың, айтқан сөзін,
Ыңғайыңа көшкеннен күн бұрын қаш!
Анық досың (достың) ғайыбыңды айтқан жүзге (иүзге),
Жанашырды жоқ деп біл онан өзге.
Қақ маңдайы дұшпанның жалғандағы
Мақтағышы өзіңді көзбе-көзге!
Ақылды (ғақыллы) адам ақымақтан сілкер қолды,
Даярлап өз ғайыбына ашар жолды!
Сырттан айтпай, ерсі ісін көзіңе айтса,
Қайда бар жанашыры онан онды?!
Ақымақ адам хақлықты теріс көрер,
"Жанның бәрін бірдей"- деп, тегіс көрер.
Ақылсыздар білмейтін өз пайдасын,
Хақлық сөзді зор ауыр сөгіс көрер!..
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мәшһүр жүсіп көпеев Көрінбес өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, стихи на казахском языке машхур жусуп копеев, машхур жусуп копеев олендери, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, Көрінбес