Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы)

 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы)

Тiрлiк пен денсаулықта – баста бағым,
Онан соңғы дәулетім – тiл мен жағым.
Құдай берген он екi мүшелерім ,
Өз өнерім өзіме–алтын тағым.

Алты алашқа жайылып кеткен атым,
Жүрген жерім - ду базар, қылып хатым.
Ұстаз пiрдiң һүмматы болып жәрдем,
[Бiр] ұшсам, кете берем, бар қанатым.

Баянауыл: Қызылтау- өскен жерім ,
Кiрім жуып, кiндiгім кескен жерім .
Қалам, сия, қағазды қолыма алсам,
Келер қоршап бойыма ғайып пiрім .

Айдабол мен Күлiктен- шыққан затым,
Мәшһүр деген– бiр лақап, Жүсiп- атым.
Орта бойлы, қой көздi, пiтiр(пiти) мұртты,
Аққұба, бидай өңдi қиапатым.

Жылым- қой, тоғыз беске келiп жасым,
Жарастықты, көрнектi сақал, шашым,
Жел қайықтай жел сөзге есушi едім ,
Тұрған күнде: “домалап өрге тасым!”

Әкем Көпей- жетпiс үш жасында өткен,
Дiн жолына жас күнде бiздi үйреткен.
Өзi жастай тариқат жолын iздеп,
Әбiлқасым ишанға қызмет еткен.

Бабамыздың аты екен- Шермұхаммед,
Құдайға - құл, нәуиге(нәбиге) болған үмбет.
Балаларын оқуға сүйрейдi екен,
Екi қолдап жетелеп, қылып һүммет.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру