Фариза Оңғарсынова (Мен қорықпаймын)
Мен қорықпаймын
сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым,
жанартаулардан лапылдап шашқан жалын.
Көңіл-сұңқар емес пе - келеді ылғи
асқарлардан да әрі асып аспандағым.
Өршіп қайта жаныма от алмасам,
мен, әйтеуір, құздардан жасқанбадым.
Сезем талай жанардан жас парларын,
Тарлау жолда тайғанақ тастар барын.
Шырқау деген шыңдардан құлау емес,
жасыма тек,
жас құсым - жақсы арманым!
Шырқау шыңның жолында
дариялар бар бұрқанып аласұрған,
жан шошырдай сұстанған қара сұр маң.
Тұңғиығына көз салсаң, көңілің жүдеп,
түңілген сәтің секілді жанашырдан.
Мен құлашты сермеймін - дарияны өтіп
әрі асуға қайтсем де ана шыңнан
(талпынар құз болмаса, адам деген
құр қалатын тәрізді бар асылдан).
Мен құласам, құлармын
жалын сөніп жанымда, біткенде дем,
әйтпесе, түк емес қой жүктер деген.
Биіктерге самғамай тұра алмаймын,
бұдан басқа бақытты күткен де емен.
Мен қорықпаймын
шырқап-шырқап, бұл күнде біткендерден,
самғай алмай, ызадан бұлт теңдеген,
сезбей өмір азабын, қуанышын,
мелшиіскен, адамдай түк көрмеген.
Қауіптенем жалғыз-ақ: жерде тұрып
от жанарын қияға тіккендерден
сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым,
жанартаулардан лапылдап шашқан жалын.
Көңіл-сұңқар емес пе - келеді ылғи
асқарлардан да әрі асып аспандағым.
Өршіп қайта жаныма от алмасам,
мен, әйтеуір, құздардан жасқанбадым.
Сезем талай жанардан жас парларын,
Тарлау жолда тайғанақ тастар барын.
Шырқау деген шыңдардан құлау емес,
жасыма тек,
жас құсым - жақсы арманым!
Шырқау шыңның жолында
дариялар бар бұрқанып аласұрған,
жан шошырдай сұстанған қара сұр маң.
Тұңғиығына көз салсаң, көңілің жүдеп,
түңілген сәтің секілді жанашырдан.
Мен құлашты сермеймін - дарияны өтіп
әрі асуға қайтсем де ана шыңнан
(талпынар құз болмаса, адам деген
құр қалатын тәрізді бар асылдан).
Мен құласам, құлармын
жалын сөніп жанымда, біткенде дем,
әйтпесе, түк емес қой жүктер деген.
Биіктерге самғамай тұра алмаймын,
бұдан басқа бақытты күткен де емен.
Мен қорықпаймын
шырқап-шырқап, бұл күнде біткендерден,
самғай алмай, ызадан бұлт теңдеген,
сезбей өмір азабын, қуанышын,
мелшиіскен, адамдай түк көрмеген.
Қауіптенем жалғыз-ақ: жерде тұрып
от жанарын қияға тіккендерден
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Мен қорықпаймын өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Мен қорықпаймын