Фариза Оңғарсынова (Тыным көрмей шиқылдан шіркін есік)

Тыным көрмей шиқылдан шіркін есік,
таты кеткен топсамен тұр тіресіп:
біздің үйдің кішкентай патшалары
кіріп-шығып жүреді дүркіресіп.
Жабылмайды құлпы да қырық сынып,
(қазақтағы кілттемес ғұрыпты ұғып).
Кім келсе де қақпа ашық.
Мұны білген,
«жиендер» де жүреді кіріп-шығып.
Бөлмелер ме?
Құрқылтай ұясындай,
тәртіпті өскен адамның миы ашырдай.
(Жайлылық пен тыныштық жазылған тек
адамдарға тұратын үйі ашылмай).
Есік жаппас халықтан ғұрып қалып,
үйді аңсайды у-шусыз, тыныш, жарық.
Айналадан бір мезгіл жырақтайды,
есігіне ішінен құлып салып.
Шаршай ма әлде адамдар бір-бірінен,
жүгіріспен кеш қылып күнді кілең,
оқшаулансам деген жай далбаса ма
айналаның мазасыз тірлігінен.
Біздің үйде сырласса – жұрт жеңілдеп,
жолықтырған адамдай күткенін тек.
Жылулы орта – үйіміз. Кейде өзім де
тұрам іштен есікті кіліттегім кеп
таты кеткен топсамен тұр тіресіп:
біздің үйдің кішкентай патшалары
кіріп-шығып жүреді дүркіресіп.
Жабылмайды құлпы да қырық сынып,
(қазақтағы кілттемес ғұрыпты ұғып).
Кім келсе де қақпа ашық.
Мұны білген,
«жиендер» де жүреді кіріп-шығып.
Бөлмелер ме?
Құрқылтай ұясындай,
тәртіпті өскен адамның миы ашырдай.
(Жайлылық пен тыныштық жазылған тек
адамдарға тұратын үйі ашылмай).
Есік жаппас халықтан ғұрып қалып,
үйді аңсайды у-шусыз, тыныш, жарық.
Айналадан бір мезгіл жырақтайды,
есігіне ішінен құлып салып.
Шаршай ма әлде адамдар бір-бірінен,
жүгіріспен кеш қылып күнді кілең,
оқшаулансам деген жай далбаса ма
айналаның мазасыз тірлігінен.
Біздің үйде сырласса – жұрт жеңілдеп,
жолықтырған адамдай күткенін тек.
Жылулы орта – үйіміз. Кейде өзім де
тұрам іштен есікті кіліттегім кеп
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Тыным көрмей шиқылдан шіркін есік өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Тыным көрмей шиқылдан шіркін есік