Фариза Оңғарсынова (Жігерлену)
Еңсемді енді мен де бір көтерейін,
тамағымды кенейін, жөтелейін.
Көзі түспес көсемдер көрер ме екен –
бірін Беке, біреуін Төке дейін.
Жарқылдаған жұлдызды әлем мендей,
түгеншені ықтамай, Пәленге ермей
күн көріппін, жындарын құрыстырып,
биліктіге бұрылып сәлем бермей.
Қайда әулие қарттардан бата алғаным?
Жақсы, жаман өзімнің қатарларым,
бекпен ауыз жаласып не қорқытып
бөлісіп жүр шені мен шапандарын.
Биліктінің талайын батыл, белді,
алмас тісті шындықпен ақыл жеңді.
Ақылымның құны да тиын, егер
тоқтата алмаса сөзімен әкімдерді.
Тоқылдақ та тыңдатар орманға үнін,
құрығынан күштінің қорғар жырым.
Сөзімді өткізе алмасам әкімдерге
мен де олардай ақымақ болғандығым
тамағымды кенейін, жөтелейін.
Көзі түспес көсемдер көрер ме екен –
бірін Беке, біреуін Төке дейін.
Жарқылдаған жұлдызды әлем мендей,
түгеншені ықтамай, Пәленге ермей
күн көріппін, жындарын құрыстырып,
биліктіге бұрылып сәлем бермей.
Қайда әулие қарттардан бата алғаным?
Жақсы, жаман өзімнің қатарларым,
бекпен ауыз жаласып не қорқытып
бөлісіп жүр шені мен шапандарын.
Биліктінің талайын батыл, белді,
алмас тісті шындықпен ақыл жеңді.
Ақылымның құны да тиын, егер
тоқтата алмаса сөзімен әкімдерді.
Тоқылдақ та тыңдатар орманға үнін,
құрығынан күштінің қорғар жырым.
Сөзімді өткізе алмасам әкімдерге
мен де олардай ақымақ болғандығым
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Жігерлену өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Жігерлену