Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қулар)
Жігіттер, қор да емеспін, кедей де емен,
Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден.
Құдай жолын біле алмай, қу билеген
Елден басқа қайғым жоқ, мұныма сен.
Байқаңыз, бұл сөзімнің міні бар ма,
Күнде анттасқан бұл елдің діні бар ма?
Аузымен құс тістеген жақсыңыздың
Қу мен сұмға жалынбай күні бар ма?
Қайсыңызға келсе де, орны төрде,
Бір семіз ат дайын қыл, тамақ бер де.
Құладындай қу болып жылпылдап бақ,
Сылтау қылып кетпесін қиын жерде.
Өңкей қулар, мықтының бәрін жайрат,
Тақымына бұрау сал, сырын сайрат.
Бар жақсымыз қулардың құлы болды,
Тепсе темір үзерлік қайран қайрат!
Байлардың қу білмеген сыры қалмас,
Тамам қудың бірімен-бірі жалғас.
Араз болып жүрсе де пайдасы бір,
Орны дайын ол иттің, құры қалмас.
Талғамай жақынды ұрар, алысты ұрар,
Өңкей байды еліртіп жарыстырар.
Жолдасынан бұзылып бір қу шықса,
Оны бір қу жетелеп таныстырар.
Жауыңның жан жолдасы осы дейді,
Мұнан таса сыры жоқ досы дейді.
Не қылсаң да көңілін орнықтырып,
Осыменен шын жақын болшы дейді.
Пірге қолын бергендей, мықты байғұс,
Ұмтыла көр, табылды жақсы жұмыс.
Жанын беріп жылпылдап, малын беріп,
Көңілі сеніп алған соң ол – бір тыныс.
Күнде байқап жүреді қылғаныңды,
Аңдиды жатқаныңды, тұрғаныңды.
Әбден тойып алған соң бұлт береді,
«Көрдің бе енді,– дейді де,– ұрғанымды?»
Ұрдым деп барар ескі жолдасына,
Алдап келді – кәдірлі болмасын ба.
Жалмауызды дос қылған жақсыларың,
Қолыңды әпкел, түбінде оңбасына.
Алдамаса, әйтеуір, жеп жүреді,
Жемей қашан ондай қу тек жүреді.
Аты арықтау, тамағы олқы болса,
– Мен жауыма кетемін,– деп жүреді.
Мұны естісе қылпылдар байдың к...і,
«Жаман еді-ау кәпірдің,– деп,– ниеті»,
– Семіз атын дайын қыл, ақшасын бер,
Тәуір, толық жасалсын шай мен еті.
Жайың осы, өңкей сұм жалынғаның,
Лайық па соларға табынғаның.
Құдай берген малыңды қуға шашып,
Осынша есер болғаның не қылғаның.
Онан-дағы біріңе бірің билет,
Билегенің түзу айт, адалға жет.
Мұны ұқпасаң, оңалма, онан да әрмен,
Қулар түгіл ит жесін, түу, бәлекет!
Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден.
Құдай жолын біле алмай, қу билеген
Елден басқа қайғым жоқ, мұныма сен.
Байқаңыз, бұл сөзімнің міні бар ма,
Күнде анттасқан бұл елдің діні бар ма?
Аузымен құс тістеген жақсыңыздың
Қу мен сұмға жалынбай күні бар ма?
Қайсыңызға келсе де, орны төрде,
Бір семіз ат дайын қыл, тамақ бер де.
Құладындай қу болып жылпылдап бақ,
Сылтау қылып кетпесін қиын жерде.
Өңкей қулар, мықтының бәрін жайрат,
Тақымына бұрау сал, сырын сайрат.
Бар жақсымыз қулардың құлы болды,
Тепсе темір үзерлік қайран қайрат!
Байлардың қу білмеген сыры қалмас,
Тамам қудың бірімен-бірі жалғас.
Араз болып жүрсе де пайдасы бір,
Орны дайын ол иттің, құры қалмас.
Талғамай жақынды ұрар, алысты ұрар,
Өңкей байды еліртіп жарыстырар.
Жолдасынан бұзылып бір қу шықса,
Оны бір қу жетелеп таныстырар.
Жауыңның жан жолдасы осы дейді,
Мұнан таса сыры жоқ досы дейді.
Не қылсаң да көңілін орнықтырып,
Осыменен шын жақын болшы дейді.
Пірге қолын бергендей, мықты байғұс,
Ұмтыла көр, табылды жақсы жұмыс.
Жанын беріп жылпылдап, малын беріп,
Көңілі сеніп алған соң ол – бір тыныс.
Күнде байқап жүреді қылғаныңды,
Аңдиды жатқаныңды, тұрғаныңды.
Әбден тойып алған соң бұлт береді,
«Көрдің бе енді,– дейді де,– ұрғанымды?»
Ұрдым деп барар ескі жолдасына,
Алдап келді – кәдірлі болмасын ба.
Жалмауызды дос қылған жақсыларың,
Қолыңды әпкел, түбінде оңбасына.
Алдамаса, әйтеуір, жеп жүреді,
Жемей қашан ондай қу тек жүреді.
Аты арықтау, тамағы олқы болса,
– Мен жауыма кетемін,– деп жүреді.
Мұны естісе қылпылдар байдың к...і,
«Жаман еді-ау кәпірдің,– деп,– ниеті»,
– Семіз атын дайын қыл, ақшасын бер,
Тәуір, толық жасалсын шай мен еті.
Жайың осы, өңкей сұм жалынғаның,
Лайық па соларға табынғаның.
Құдай берген малыңды қуға шашып,
Осынша есер болғаның не қылғаның.
Онан-дағы біріңе бірің билет,
Билегенің түзу айт, адалға жет.
Мұны ұқпасаң, оңалма, онан да әрмен,
Қулар түгіл ит жесін, түу, бәлекет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шәкәрім құдайбердіұлы Қулар өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Қулар