Міржақып Дулатұлы (Көкбайдың хаты)
Өлеңмен мені біреу жамандаған,
Сөйтсе дағы ретін таба алмаған.
Әйтеуір жамандаудың жөні осы деп,
Анық кінә қоймаған, табандаған.
Жазығым бірнеше жыл бала оқытып,
Бұл күнде оқытудан шабандаған.
Не себептен оқуды тастадың деп,
Жөн емес пе тексеріп адалдаған.
Бір өлеңге мінімнің бәрін терген,
Мін емес жерлерімді мін деп көрген.
Нысананы дәл басқан мерген қайда?
Ақбөкен деп қарды атқан аңғал мерген.
Әлінше жамандап-ақ жазған екен,
Өлеңмен сау жерімді қазған екен.
Осыған оқыған деп ат қойғаны,
Заманды бақа сорып азған екен.
Мен салдым мешіт пенен медіресе,
Бала жинап оқыттым әлденеше.
Пенделік мойнымдағы борышым ғой,
Білгенімді білдірмек әсіресе.
Неше жыл азаптандым қылып еңбек,
Білімсіз сөзге түсіп қашан Көпбек.
Менен бұрын талай жан арпалысқан,
Мүмкін бе бір кісіге көпті жеңбек?
Жиырма жыл солармен арпалыстым,
Бала оқыт жинап бер деп көп қарыстым.
Жалғыз үні, жаяудың шаңы шықпас,
Түк пайдасы болмады ат жарыстың.
Үй бердім, баласына тамақ бердім,
Ақы алмай барлығына сабақ бердім.
Аяғында солардың көбі қашты,
Бірлі-жарым болмаса талапкердің.
Абай марқұм ескіге ермеуші еді,
Ескіні онша тәуір көрмеуші еді.
Мысырдан төте жолмен оқу шықты,
Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді.
Өзімнің жасым кәрі, жүрегім жас,
Іштегі айтпасам да болады пәш.
Абайдан құлағыма бұрын тиген
Дүние болады деп бір тайталас.
Дүние ескі жолмен оңалмайды,
Жаңаға ескі қожа бола алмайды.
Жуан кеуде ұлықтар түгесілмей,
Әділет орынына қона алмайды.
Мінеки, соны айтқанға бірнеше жыл,
Уақыты өткен нәрсенің бәрі де тұл.
«Оқымаған заманнан оқиды» деп,
Пайғамбар қадис, айтқан, оны да біл.
Адамды түзетпейді кісі билеп,
Адамның екі қолы өзіне инек.
Ғаламаға ақыл патша болған күнде,
Теп-тегіс адамзатқа есе тимек.
Сонша болмай дүние жаңалайды,
Жаңа жеңіп, ескілер шамалайды.
Ескінің көнгендері аман қалып,
Көнбеген мейлінше жараланды.
Сонымен мен түсіндім жаңалыққа,
Жаспенен кіріспедім аналыққа.
Түзу жол дүниедегі жалғыз-ақ сол,
Басқа жол іздегеннен табылып па.
Босаттым медресемді мұғалімге,
Берейін иесі сол, енді кімге?
Медресе мұғалімге орын болып,
Қонағым қарық боп тұр осы күнде.
Замана замандасқа жағын дейді,
Күнбе-күнгі тағдырға бағын дейді.
Бүгінгі ой ертеңгіге жарамайды,
Таппасаң мезгілінің бабын дейді.
Адамзатты билейді заманасы,
Жүр деген соқпағынан табыл дейді.
Жазғаным замандасқа жағынғанын,
Маған бұл жамандаушы не қыл дейді.
Екеуміз сынатайық ағайынға,
Сондағы айтар дауыңды тағайында.
Сен сөкті деп ескіше бала жинап,
Көшкен жұртқа қаңғырып лағайын ба?
Шырағым, өзің қаңғыр, менен аулақ,
Жамандасаң жаманда мені жаулап.
Сөйлер білмес ауыз деп мен айтпаймын
Айта бер өз көңіліңді өзің аулап
Сөйтсе дағы ретін таба алмаған.
Әйтеуір жамандаудың жөні осы деп,
Анық кінә қоймаған, табандаған.
Жазығым бірнеше жыл бала оқытып,
Бұл күнде оқытудан шабандаған.
Не себептен оқуды тастадың деп,
Жөн емес пе тексеріп адалдаған.
Бір өлеңге мінімнің бәрін терген,
Мін емес жерлерімді мін деп көрген.
Нысананы дәл басқан мерген қайда?
Ақбөкен деп қарды атқан аңғал мерген.
Әлінше жамандап-ақ жазған екен,
Өлеңмен сау жерімді қазған екен.
Осыған оқыған деп ат қойғаны,
Заманды бақа сорып азған екен.
Мен салдым мешіт пенен медіресе,
Бала жинап оқыттым әлденеше.
Пенделік мойнымдағы борышым ғой,
Білгенімді білдірмек әсіресе.
Неше жыл азаптандым қылып еңбек,
Білімсіз сөзге түсіп қашан Көпбек.
Менен бұрын талай жан арпалысқан,
Мүмкін бе бір кісіге көпті жеңбек?
Жиырма жыл солармен арпалыстым,
Бала оқыт жинап бер деп көп қарыстым.
Жалғыз үні, жаяудың шаңы шықпас,
Түк пайдасы болмады ат жарыстың.
Үй бердім, баласына тамақ бердім,
Ақы алмай барлығына сабақ бердім.
Аяғында солардың көбі қашты,
Бірлі-жарым болмаса талапкердің.
Абай марқұм ескіге ермеуші еді,
Ескіні онша тәуір көрмеуші еді.
Мысырдан төте жолмен оқу шықты,
Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді.
Өзімнің жасым кәрі, жүрегім жас,
Іштегі айтпасам да болады пәш.
Абайдан құлағыма бұрын тиген
Дүние болады деп бір тайталас.
Дүние ескі жолмен оңалмайды,
Жаңаға ескі қожа бола алмайды.
Жуан кеуде ұлықтар түгесілмей,
Әділет орынына қона алмайды.
Мінеки, соны айтқанға бірнеше жыл,
Уақыты өткен нәрсенің бәрі де тұл.
«Оқымаған заманнан оқиды» деп,
Пайғамбар қадис, айтқан, оны да біл.
Адамды түзетпейді кісі билеп,
Адамның екі қолы өзіне инек.
Ғаламаға ақыл патша болған күнде,
Теп-тегіс адамзатқа есе тимек.
Сонша болмай дүние жаңалайды,
Жаңа жеңіп, ескілер шамалайды.
Ескінің көнгендері аман қалып,
Көнбеген мейлінше жараланды.
Сонымен мен түсіндім жаңалыққа,
Жаспенен кіріспедім аналыққа.
Түзу жол дүниедегі жалғыз-ақ сол,
Басқа жол іздегеннен табылып па.
Босаттым медресемді мұғалімге,
Берейін иесі сол, енді кімге?
Медресе мұғалімге орын болып,
Қонағым қарық боп тұр осы күнде.
Замана замандасқа жағын дейді,
Күнбе-күнгі тағдырға бағын дейді.
Бүгінгі ой ертеңгіге жарамайды,
Таппасаң мезгілінің бабын дейді.
Адамзатты билейді заманасы,
Жүр деген соқпағынан табыл дейді.
Жазғаным замандасқа жағынғанын,
Маған бұл жамандаушы не қыл дейді.
Екеуміз сынатайық ағайынға,
Сондағы айтар дауыңды тағайында.
Сен сөкті деп ескіше бала жинап,
Көшкен жұртқа қаңғырып лағайын ба?
Шырағым, өзің қаңғыр, менен аулақ,
Жамандасаң жаманда мені жаулап.
Сөйлер білмес ауыз деп мен айтпаймын
Айта бер өз көңіліңді өзің аулап
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: міржақып дулатұлы Көкбайдың хаты өлең стихи на казахском миржакып дулатулы олен казакша, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатулы олендери, миржакып дулатулы стихи на казахском, Көкбайдың хаты