Қадыр Мырза Али (Жыным менің бір тараса)

 Қадыр Мырза Али (Жыным менің бір тараса)

Жыным менің бір тараса,
Бір ұстап,
Тұла бойым отыр тағы құрыстап
Арқалының сылап-сипап арқасын,
Асыл досым, үзіп берші дұрыстап.
Шаруа жеңіп,
Жұмыс әбден басты ма?!
Солқ-солқ етіп ауырады бас мына.
Көк сәулемен емдегендей
Мені, ару,
Ұзақ ұста көз нұрыңның астына.
Қашан келер нағыз жүйрік бабына?!
Жүйрік, әлде, жүйрік емес, жабы ма?!
Қызыл шоққа суарғандай,
Оқушым,
Көп-көп ұста махаббаттың табына!
Табынушы ем тек көңілдің ағына,
Бұлбұлың боп қона алдым ба бағыңа?
Туады ақын, әдетте өз сорына,
Бірақ, бірақ...
Ел-жұртының бағына!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру