file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қадыр Мырза Али (Дарын екен пәтшағар барып тұрған)

 Қадыр Мырза Али (Дарын екен пәтшағар барып тұрған)

Дарын екен пәтшағар барып тұрған,
Көмекейін күміс үн жарып тұрған.
Сайрайды-ай кеп жас бұлбұл,
Сайрайды-ай кеп,
Қошеметтеп көктемін зарықтырған.
Дарын екен пәтшағар барып тұрған.
Зарлатады арулар,
Зарлатады.
Аунатып бір аруақты,
Арғы атаны.
Жібердің-ау тасты да тебірентіп,
Айтылмаған уәжің бар ма тағы?
Зарлатады арулар,
Зарлатады!
Балқытады махаббат,
Балқытады.
Сахнаға айналып тал бұтағы.
Шалқудайын шалқыдың шалқар дарын,
Шашау шықпай бір дыбыс,
Шалқы тағы.
Балқытады махаббат,
Балқытады.
Бұл ғашықтық есіңнен тандырады.
Бір таңыңды келесі таңға ұрады.
Көмейінде бұлбұлдың шыңдалып ән.
Көңілінде басқаның жаңғырады.
Тандырады есіңнен,
Тандырады.
Жырлатады бұл жастық,
Жырлатады.
Құмыр бұлбұл тараған қырға атағы,
Өнеріңмен өмірді талықсытып,
Көмейіңді толтыршы сырға тағы.
Жырлатады бұл жастық,
Жырлатады!
Бұлбұл-ханым балапан басады әлі,
Басады әлі,
Түнгі ұйқың қашады әлі,
Секунд сайын жем сұрап,
Тамақ сұрап,
Сары үрпектер ауызын ашады әлі.
Бұлбұл-ханым балапан басады әлі.
Сайрағаныңды көрейін сонда сенің!
Жанбай жатып сөнгеннің болмас емі.
Сығып алар тірліктің тауқыметі,
Сері бұлбұл, өзіңе мол ма сенім?!
Сайрағаныңды көрейін сонда сенің!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру