Қадыр Мырза Али (Аға берсін жанардан жас бастан қан)
Аға берсін жанардан жас, бастан қан,
Алайда мен қиянаттан жасқанбан.
Ал сен болсаң төркініңді жасырып,
Түскендей боп көрінесің аспаннан.
Аңыз емес,
Ертегі емес,—
Сыр тыңда:
Мен қырған мұрт — анау сенің мұртың да.
Жүргеніңді жасырасың өзіңше
Менің кеше көшіп кеткен жұртымда.
Тұяқ үні естілмей ме жел жақтан?
Келіп қондың қотаныма төл жатқан.
Мақтанасың жалыным деп, отым деп,
Қоламтасын кешегі оттың мен жаққан..
Мендей емес, рас, сенде бар күтім,
Ішесің сен сыраның да барқытын.
Әлі күнге сораптайсың су қосып
Менен қалған жыр-шәрбаттің сарқытын..
Жатып алып жексенбі күн, сенбі күн
Жазасың кеп,
Жазғаныңа сенді кім?!
Менің көне шалбарымды тазалап,
Тойға тағы киіп бардың сен бүгін.
Бірақ бөркің жанып тұрды төбеңде,
Мүмкін емес сыр жасыру өлеңде.
Кім сенеді сені — бізден, қарағым,
Бізді — Абайдан үйренбеді дегенге?!
Алайда мен қиянаттан жасқанбан.
Ал сен болсаң төркініңді жасырып,
Түскендей боп көрінесің аспаннан.
Аңыз емес,
Ертегі емес,—
Сыр тыңда:
Мен қырған мұрт — анау сенің мұртың да.
Жүргеніңді жасырасың өзіңше
Менің кеше көшіп кеткен жұртымда.
Тұяқ үні естілмей ме жел жақтан?
Келіп қондың қотаныма төл жатқан.
Мақтанасың жалыным деп, отым деп,
Қоламтасын кешегі оттың мен жаққан..
Мендей емес, рас, сенде бар күтім,
Ішесің сен сыраның да барқытын.
Әлі күнге сораптайсың су қосып
Менен қалған жыр-шәрбаттің сарқытын..
Жатып алып жексенбі күн, сенбі күн
Жазасың кеп,
Жазғаныңа сенді кім?!
Менің көне шалбарымды тазалап,
Тойға тағы киіп бардың сен бүгін.
Бірақ бөркің жанып тұрды төбеңде,
Мүмкін емес сыр жасыру өлеңде.
Кім сенеді сені — бізден, қарағым,
Бізді — Абайдан үйренбеді дегенге?!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қадыр мырза али Аға берсін жанардан жас бастан қан өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Аға берсін жанардан жас бастан қан