Қадыр Мырза Али (Әупілдек)

Ауыр жүкті батпандай
Арқалап бір жатқандай,
Әуп! Әуп!— дейтін кешқұрым
Әупілдектің ешбірін
Көрмегенмін мен бір де,
Болса да бұл өңірде.
Дауысымен айбынды
Жаңғыртатын айдынды.
Сондықтан біз әупілдек
Ойлаушы едік дәу піл деп.
Сөйтсек, өзі құс екен,
Даусы ғана күш екен!
Арқалап бір жатқандай,
Әуп! Әуп!— дейтін кешқұрым
Әупілдектің ешбірін
Көрмегенмін мен бір де,
Болса да бұл өңірде.
Дауысымен айбынды
Жаңғыртатын айдынды.
Сондықтан біз әупілдек
Ойлаушы едік дәу піл деп.
Сөйтсек, өзі құс екен,
Даусы ғана күш екен!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қадыр мырза али Әупілдек өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Әупілдек