Қадыр Мырза Али (Мен — балықшы)
Серік болып Салыққа,
Барып едім балыққа.
Алабұға, ақ шабақ
Берді маған көп сабақ.
Қармағыммен ойнады,
Жемімді жеп қоймады.
Талай-талай қатырды,
Міне қалтқы батырды.
Жайлап тартып сағаға,
Сып еткіздім жағаға.
Тағы ұятқа қалдырды —
Алып шықтым балдырды.
Көлдің ойнап сазаны,
Маса да алды мазаны.
Шаққан жерін ісірді,
Әбігерге түсірді.
Түк ұстамай кеш болды,
Бар еңбегім еш болды.
Жеңіл ғой тек айтуға,
Ұялдым құр қайтуға.
— Ұстадың ғой өндіріп,—
Деп Салықты көндіріп,
Бір балыққа салмақты,
Ауыстырдым қармақты!
Барып едім балыққа.
Алабұға, ақ шабақ
Берді маған көп сабақ.
Қармағыммен ойнады,
Жемімді жеп қоймады.
Талай-талай қатырды,
Міне қалтқы батырды.
Жайлап тартып сағаға,
Сып еткіздім жағаға.
Тағы ұятқа қалдырды —
Алып шықтым балдырды.
Көлдің ойнап сазаны,
Маса да алды мазаны.
Шаққан жерін ісірді,
Әбігерге түсірді.
Түк ұстамай кеш болды,
Бар еңбегім еш болды.
Жеңіл ғой тек айтуға,
Ұялдым құр қайтуға.
— Ұстадың ғой өндіріп,—
Деп Салықты көндіріп,
Бір балыққа салмақты,
Ауыстырдым қармақты!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қадыр мырза али Мен — балықшы өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Мен — балықшы