Қадыр Мырза Али (Ішік)

 Қадыр Мырза Али (Ішік)

Апаммен келісіп,
Алып ек бір ішік.
Көкеме ол ұнады,
Қиылып сұрады:
— Бір киіп көрейін,
Бағасын берейін!—
Деп алып, бермеді,
Қолын бір сермеді.
Айтқанға көнбеді,
— Бұл саған кең!— деді.
Шынына келсеңіз,
Кигізіп өлшеңіз.
Кең емес ішігім,
Мен өзім кішімін!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру