Қадыр Мырза Али (Шарықтау шегі)
Серкелер жиында
Сөйлейді тайынбай.
Кіселер қоржындай,
Белбеулер айылдай.
Құлақтар қалқандай,
Күрек тіс кетпендей.
Барлығын талқандап
Батырлар өткендей.
Дұшпаны басқа ұрған
Ішінен тынады.
Шоқиған қасқырдай
Шошайған тымағы.
Ашудан жабылған
Ашылмас қабағы,
Аршадан шабылған
Астаудай табағы...
Айтқанда аспандар
Ақындар,
Абыздар.
Қайран сол дастандар,
Қайран сол аңыздар!
Сөйлейді тайынбай.
Кіселер қоржындай,
Белбеулер айылдай.
Құлақтар қалқандай,
Күрек тіс кетпендей.
Барлығын талқандап
Батырлар өткендей.
Дұшпаны басқа ұрған
Ішінен тынады.
Шоқиған қасқырдай
Шошайған тымағы.
Ашудан жабылған
Ашылмас қабағы,
Аршадан шабылған
Астаудай табағы...
Айтқанда аспандар
Ақындар,
Абыздар.
Қайран сол дастандар,
Қайран сол аңыздар!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қадыр мырза али Шарықтау шегі өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Шарықтау шегі