Қадыр Мырза Али (Көктем)
Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайын деп құрыстаған.
Ала бұлт аспанның бір қабатындай
Ақырын төмендейді қонатындай.
Күміс бу жер бауырлап козғалады.
Көктемнің ұшып келген қанатындай.
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнмен
Сайрайды гүлді көктем құрметіне.
Құрағы сырын шертіп қоғасына,
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре берер
Інідей орын берген ағасына
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайын деп құрыстаған.
Ала бұлт аспанның бір қабатындай
Ақырын төмендейді қонатындай.
Күміс бу жер бауырлап козғалады.
Көктемнің ұшып келген қанатындай.
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнмен
Сайрайды гүлді көктем құрметіне.
Құрағы сырын шертіп қоғасына,
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре берер
Інідей орын берген ағасына
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қадыр мырза али Көктем өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Көктем