Жамбыл Жабаев (Асау үйреткен жігіттерге)
Асау тайға мінушек,
Ауыл кезіп жүрушек,
Аттанушек «бозбала»,
Атағымыз сол ғана...
Неге екенін кім білсін?
Жүруші едік жұмыс жоқ,
Құр әйтеуір көңіл тоқ...
Секілді едік буыршын,
Өмірді бос өткізіп,
Жұртқа сүйкім кеткізіп,
Жүрдік пе екен қыз үшін!..
Тек осыны ойлаңдар,
Сендер ондай болмаңдар,
Қылжақбастық құрысын!
Ауыл кезіп жүрушек,
Аттанушек «бозбала»,
Атағымыз сол ғана...
Неге екенін кім білсін?
Жүруші едік жұмыс жоқ,
Құр әйтеуір көңіл тоқ...
Секілді едік буыршын,
Өмірді бос өткізіп,
Жұртқа сүйкім кеткізіп,
Жүрдік пе екен қыз үшін!..
Тек осыны ойлаңдар,
Сендер ондай болмаңдар,
Қылжақбастық құрысын!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жамбыл жабаев Асау үйреткен жігіттерге өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Асау үйреткен жігіттерге