Жамбыл Жабаев (Калинин ақсақалға)
Алдыңа іздеп кеп тұрмын,
Саумысың басшым ініміз!
Жаңарды ғой бұл кезде
Заманымыз, күніміз.
Келіп ең өзің аулыма,
Ұстап едің қолымды,
Көрініп еді халқыма
Жылы шырай жүзіңіз.
Құйылып еді. құлаққа
Ақылды дана сөзіңіз.
Тойлы думан күнімде
Колхозыма келіп ең
Мәңгілікке мекенге
Жерімді бөліп беріп ең.
Өседі қазақ елі, деп,
Жүрегіңнен сеніп ең.
Сені қатты сүйіп ем,
Жаныма тең көріп ем.
Содан бері қыс етті,
Жаз да келді жайраңдап,
Трактормен қотарып,
Тындырып қойдық жерді айдап,
Түйем шықты өріске
Боталары маймаңдап.
Қойым ерді қаптайлап,
Қозыларым салды ойнақ.
Жылқыларым шұрқырап,
Төрт түлікке толды аймақ,
Осынау аулым колхозда
Малшы да мен, жыршы мен,
Өлеңдеткен айқайлап.
Жайлауға шықты үй тігіп
Алатаудың бауырына.
Салдық малды төрт түлік
Таудың семіз бауырына.
Малға бекем болыңдар, —
Деп тапсырдым қауымға.
Өзім шықтым сапарға,
Сәлемдесіп қайтуға
Мәскеудегі бауырыма,
Қабыл етсең бауырым,
Шақыра келдім қайтадан
Қонаққа сонау ауылыма
Саумысың басшым ініміз!
Жаңарды ғой бұл кезде
Заманымыз, күніміз.
Келіп ең өзің аулыма,
Ұстап едің қолымды,
Көрініп еді халқыма
Жылы шырай жүзіңіз.
Құйылып еді. құлаққа
Ақылды дана сөзіңіз.
Тойлы думан күнімде
Колхозыма келіп ең
Мәңгілікке мекенге
Жерімді бөліп беріп ең.
Өседі қазақ елі, деп,
Жүрегіңнен сеніп ең.
Сені қатты сүйіп ем,
Жаныма тең көріп ем.
Содан бері қыс етті,
Жаз да келді жайраңдап,
Трактормен қотарып,
Тындырып қойдық жерді айдап,
Түйем шықты өріске
Боталары маймаңдап.
Қойым ерді қаптайлап,
Қозыларым салды ойнақ.
Жылқыларым шұрқырап,
Төрт түлікке толды аймақ,
Осынау аулым колхозда
Малшы да мен, жыршы мен,
Өлеңдеткен айқайлап.
Жайлауға шықты үй тігіп
Алатаудың бауырына.
Салдық малды төрт түлік
Таудың семіз бауырына.
Малға бекем болыңдар, —
Деп тапсырдым қауымға.
Өзім шықтым сапарға,
Сәлемдесіп қайтуға
Мәскеудегі бауырыма,
Қабыл етсең бауырым,
Шақыра келдім қайтадан
Қонаққа сонау ауылыма
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жамбыл жабаев Калинин ақсақалға өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Калинин ақсақалға