Біржан сал Қожағұлұлы (Айжан қызға)

 Біржан сал Қожағұлұлы (Айжан қызға)

Айжанның разы болдым құрметіне,
Жайылар бұл құрметің ел шетіне.
Мал мен бас, ықыласың бәрі бірдей,
Оралған бәрі тегіс ниетіңе.
Қызы екен Айжан сұлу Ақжол байдың,
Құрметін көріп едім мен талайдың.
Бұралған нәзік белі тал шыбықтай
Бұралған жағасында аққан сайдың

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру