Біржан сал Қожағұлұлы (Шідер)
Көлбай — Жанбай дегенге Көлбай — Жанбай,
Шідерімді кім алды қыздар алмай?
Шідерімнің бағасы атыммен тең,
Ақырында қоймаймын сенен алмай.
Қайырмасы:
Шідеріме сен, Көлбай, қылма зорлық,
Шідерсіз ат тұрмайды, о да — қорлық.
Ат-көліксіз қалам ба, шідерім жоқ,
Шідер үшін, сіздермен араз болдық.
Қайырмасы:
Өзі жалғыз, өзі асау күрең төбел,
Жексем — арба, мінсем — құс, жүрер жедел.
Сатпаймын да, бермеймін еш адамға,
Қолқа қылсаң, басқаны ал, шідерді алма!
Шідерімді кім алды қыздар алмай?
Шідерімнің бағасы атыммен тең,
Ақырында қоймаймын сенен алмай.
Қайырмасы:
Шідеріме сен, Көлбай, қылма зорлық,
Шідерсіз ат тұрмайды, о да — қорлық.
Ат-көліксіз қалам ба, шідерім жоқ,
Шідер үшін, сіздермен араз болдық.
Қайырмасы:
Өзі жалғыз, өзі асау күрең төбел,
Жексем — арба, мінсем — құс, жүрер жедел.
Сатпаймын да, бермеймін еш адамға,
Қолқа қылсаң, басқаны ал, шідерді алма!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: биржан сал біржан сал Шідер өлең олен стихи, біржан сал өлеңдері, биржан сал олендери казакша, біржан сал қожағұлұлы өлеңдері, біржан сал қожағұлұлы өлеңі, Шідер