Әбіш Кекілбайұлы (Ауа)
Сәби жұтса - жайраңдайды, күледі,
Ару жұтса - албырайды гүл өңі.
Кәрі жұтса - қарт денесі жайылып,
Жай табады ентіктірген жүрегі.
Таңдамайды ол лашық пен сарайды,
Алаламай бәріне де тарайды.
Әуен қосты ол сандуғаштың әніне,
Жұпар қосты ол қызғалдақтың әріне,
Шіркін, бақыт о да жұпар ауадай
Дүниенің түгел жетсе бәріне!
Ару жұтса - албырайды гүл өңі.
Кәрі жұтса - қарт денесі жайылып,
Жай табады ентіктірген жүрегі.
Таңдамайды ол лашық пен сарайды,
Алаламай бәріне де тарайды.
Әуен қосты ол сандуғаштың әніне,
Жұпар қосты ол қызғалдақтың әріне,
Шіркін, бақыт о да жұпар ауадай
Дүниенің түгел жетсе бәріне!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әбіш кекілбаев Ауа өлең стихи на казахском абиш кекилбаев олен казакша, әбіш кекілбаев өлеңдері, абиш кекилбаев олендери, абиш кекилбаев стихи на казахском, Ауа