Ғафу Қайырбеков (Арасанның иесі - Сарбас жылан)
«Арасанның иесі - Сарбас жылан», –
Естігенде осыны қалмас шыдам,
Қан салқындап, жүрегің баяу соғып,
Деп тұрғандай миың да:
«ал, қаш, бұдан!».
Шипалы су шыққалы осы маңнан,
Сарбас жылан сол жерге көшіп алған.
«Садақаны көп берсе сауықтырып,
Сараңдардан қақсатып өшін алған».
Көп заманға осы аңыз кеткен тарап,
Әлі күнге шалдар бар күткен қарап,
Сарбас жылан бірақта оралмаған,
Әкеткелі бір сотқар шекпенге орап.
Бар жақсының қашанда ел иесі, –
Елге ғана бұйыру ер үлесі.
Болған оның әмәнда, болады да
Әзі ардақтап табынар әулиесі.
Сол әулие кеткесін, ырыс қашпақ,
Көрінген жын иектер жұртты ластап.
Иесіз де киесіз ел болмайды –
Жүру керек тек соны дұрыс бастап
Естігенде осыны қалмас шыдам,
Қан салқындап, жүрегің баяу соғып,
Деп тұрғандай миың да:
«ал, қаш, бұдан!».
Шипалы су шыққалы осы маңнан,
Сарбас жылан сол жерге көшіп алған.
«Садақаны көп берсе сауықтырып,
Сараңдардан қақсатып өшін алған».
Көп заманға осы аңыз кеткен тарап,
Әлі күнге шалдар бар күткен қарап,
Сарбас жылан бірақта оралмаған,
Әкеткелі бір сотқар шекпенге орап.
Бар жақсының қашанда ел иесі, –
Елге ғана бұйыру ер үлесі.
Болған оның әмәнда, болады да
Әзі ардақтап табынар әулиесі.
Сол әулие кеткесін, ырыс қашпақ,
Көрінген жын иектер жұртты ластап.
Иесіз де киесіз ел болмайды –
Жүру керек тек соны дұрыс бастап
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ғафу қайырбеков Арасанның иесі - Сарбас жылан өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Арасанның иесі - Сарбас жылан