Мұқағали Мақатаев (Қаншама ұзақ алдағанбыз екеуміз)
Қаншама ұзақ алданғанбыз екеуміз,
Жүйткіген Табиғаттайын,
Еркіндікке ентіктік,
енді біздер бөтенбіз.
Біз — Жаратылыс.
Ұзақ-ұзақ үйде болмай,
енді оралған екенбіз.
Ағаштардың жапырақ өзек,
қабығына, тамырына,
бұталарға айналдық.
Құз жартаспыз,
қара жерге қанымызбен байландық.
Ормандағы қатар өскен,
қос терек боп қалыппыз.
Жабайымыз, жайыламыз,
тағылармен бірге оттаймыз,
қарықпыз,
Екеуміз де қатар жүзген
екі егіз балықпыз,
Лағыл гүлдің шоқтарындай аллеяда жаныппыз.
Өсімдіктер, минералдар, тағы аңдардан
қалған біздер құнармыз,
Біздер — жыртқыш қаршығалар,
көктен төмен қарағанға құмармыз.
Құйрықты жұлдыз секілденіп,
планетада қалғанбыз.
Ормандағы төрт аяқты, азулы біз аңдармыз,
Бір-ақ қарғып олжамызды опырамыз,
жалмармыз.
Біз — егіз бұлт,
күні бойы бірі ілескен,
Бірі салған ізбенен.
Су сапырған қос теңізбіз,
тентек толқын — біз деген.
Қар мен нөсер, аяз түнек —
Жер бетінде не жаратса,
Жаралғанның бәрі — біз,
Жазирада шыр айналып,
ақыры үйге дөп келдік,
Еркіндік пен қуаныштан
басқаларын өткердік
Жүйткіген Табиғаттайын,
Еркіндікке ентіктік,
енді біздер бөтенбіз.
Біз — Жаратылыс.
Ұзақ-ұзақ үйде болмай,
енді оралған екенбіз.
Ағаштардың жапырақ өзек,
қабығына, тамырына,
бұталарға айналдық.
Құз жартаспыз,
қара жерге қанымызбен байландық.
Ормандағы қатар өскен,
қос терек боп қалыппыз.
Жабайымыз, жайыламыз,
тағылармен бірге оттаймыз,
қарықпыз,
Екеуміз де қатар жүзген
екі егіз балықпыз,
Лағыл гүлдің шоқтарындай аллеяда жаныппыз.
Өсімдіктер, минералдар, тағы аңдардан
қалған біздер құнармыз,
Біздер — жыртқыш қаршығалар,
көктен төмен қарағанға құмармыз.
Құйрықты жұлдыз секілденіп,
планетада қалғанбыз.
Ормандағы төрт аяқты, азулы біз аңдармыз,
Бір-ақ қарғып олжамызды опырамыз,
жалмармыз.
Біз — егіз бұлт,
күні бойы бірі ілескен,
Бірі салған ізбенен.
Су сапырған қос теңізбіз,
тентек толқын — біз деген.
Қар мен нөсер, аяз түнек —
Жер бетінде не жаратса,
Жаралғанның бәрі — біз,
Жазирада шыр айналып,
ақыры үйге дөп келдік,
Еркіндік пен қуаныштан
басқаларын өткердік
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Қаншама ұзақ алдағанбыз екеуміз өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қаншама ұзақ алдағанбыз екеуміз